«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 13 мамыр күні «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауын өткізді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Астана дарыны» ДД және ПСО- ның 15 жылдық мерейтойына орай өтті.
Байқаудың мақсаты – Қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу және жүзеге асыру, жас ұрпақты қазіргі заманғы әлеуметтік –экономикалық мәселелерді шешуге енгізу және тәжірибелік қызметте инновациялық әдістерді енгізу, интеллектуалды өсу мен кәсіптік бағдарлау қабілетін дамыту.
Байқау онлайн режимінде ұйымдастырылды.
Байқауға тоғыз номинация бойынша қатысты:
- «Өз жылуыңмен бөліс» номинациясы (14 жас);
- «Туған қалаға –игілікті істер» номинациясы (13 жас);
- «Мен Қазақстанның азаматымын» номинациясы (13 жас);
- «Медиа жобалар » номинациясы (17 жас);
- «Менің кіші Отаным» номинациясы (13 жас);
- «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (15 жас);
- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (17 жас);
- «Жаңғырту полюсі» номинациясы (15 жас);
- «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы (16 жас).
Қалалық байқауға 29 білім беру мекемесінен 96 оқушы қатысты.
«Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауына Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Торайғыров университеті Комерциялық емес Акционерлік қоғамы, М.С. Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ғалымдары тыңдап бағалады.
Конкурстың қорытындысы бойынша 96 елордалық оқушының арасынан 41 оқушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі
І орын – 9 (№14 МГ, №86 МГ, №59 МЛ, №47 МГ, №15 МЛ, №74 МГ, №72 МЛ, №90 Г, №70 МЛ);
ІІ орын – 15 (№55 ОМ (2), №14 МГ, №65 МГ, №68 МГ, №86 МГ, №47 МГ, №74 МГ (2), №4 МГ, №53 МЛ, №70 МЛ, №58 МГ, №57 ОМ, №6 Г);
ІІІ орын – 17 (№55 ОМ, №66 МЛ, №65 МГ (2), №83 МГ (2), №71 МЛ, №47 МГ (2), №15 МЛ, №4 МГ (2), №70 МЛ, №2 МГ, №77 МГ, №57 ОМ (2));
Грамота – 5 (№14 МГ, №8 МЛ, №66 МЛ, №72 МЛ, №21 ОМ).