ЖМБ республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қатысушыларына арналған оқу-жаттығу жиындары

2021 жылы 19 мамырда жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңі онлайн режимінде өтеді.

Соған байланысты «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «edLight Academy» орталығымен бірге «NURORDA» мектебінің базасында елордалық команда мүшелеріне оқу-жаттығу жиындарын өткізбек. Сабақтар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ағымдағы жылдың 12 мен 16 мамыр аралығында өткізіледі.

Бір апта ішінде Нұр-Сұлтандағы 45 жасөспірім өткен жылдардағы халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаз бен жүлдегер атанған үздік жаттықтырушылардан сабақ алады.