2021 жылғы сәуір есебі

«Астана дарыны» ДДжПС орталығының   2021 жылғы сәуір айында өткізген іс – шаралары туралы ақпарат

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР 

         2021 жылдың сәуір айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы барлығы  12 іс – шара (1 халықаралық, 4 республикалық, 7 қалалық)  өткізді. Аталған іс – шараларға Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 1154 оқушы қатысып, 217  бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 36;

II орын – 75;

III орын – 106;

Грамота – 97.

         2021 жылдың 15 сәуір күні қазақтың тұңғыш ағартушысы, жазушы –этнографы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Астана дарыны» ДДжПС орталығы мен №83 мектеп-гимназиясы бірлесіп «Қазақтың қоңырауы» республикалық конкурсын өткізді. Конкурсқа 112 оқушы қатысты.

       Конкурстың мақсаты: оқушылар арасында Ы.Алтынсарин шығармаларын насихаттап, олардың шығармашылық қабілетін арттырып, шешендік  шеберлігін шыңдау.  

        Қатысушылардың  өнерін  ҚР өнер қайраткерлері, ақындар, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары бағалады.

        Оқушылардың жас санатына   қарай: 5 – 7 сынып және 8 -11 сыныптар арасында ұйымдастырылған конкурстың нәтижесі бойынша: I орын – 4; 

II орын -11; III орын – 9; грамота -11.

         IV Республикалық дәстүрлі «Қадыр оқулары» қалалық іріктеу кезеңі  ағымдағы жылдың 15 сәуір күні 5-11 сынып оқушылары арасында №54 мектеп- лицейінде өтті. Қазақтың көрнекті ақыны, драматург, аудармашысы Қадыр Мырза Әлінің  шығармашылығына балалардың  қызығушылығын арттыру мақсатында 3 номинацияда өткізілген «Қадыр оқуларының» қалалық іріктеу кезеңіне 62 оқушы қатысты.  

          Оқулардың қорытындысы бойынша : І орын – 6; ІІ орын – 8; ІІІ орын – 12; грамота – 14.  

          15 сәуірде Астана халықаралық университетінде 11-сынып оқушылары арасында «Экономика, инновация және кәсіпкерлік»  ғылыми – зерттеу  және   жобалау жұмыстары республикалық конкурсы өтті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимінде өткен конкурста елордадағы  №85 мектеп – лицейінің оқушылары:  Салим Нуралим, Рысбеков Адиль, Есбол Айша и Бейсен Танырис үздіктер қатарынан көрініп, ІІ орынға ие болды.            

 2021 жылдың 19-23 сәуір күндері  «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық   кезеңінің екі этапы өткізілді. 

Мақсаты – жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мен болашақ мұғалімдердің білім жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасын қалыптастыру.

       Педагогикалық олимпидаға 66 білім беру мекемесінен 29 командалық жұмыспен 141 үміткерлерден сұраныс түсті: 

  1. жоғары сынып оқушылар командасы -27; 
  2. колледж студенттері командасы -2; 
  3. магистрант-18; 
  4. жас педагогтер, психологтер, педагог-ұйымдастырушылар, тәлімгерлер – 123.

       Нәтижесінде қалалық қорытынды кезеңге жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің 19 командасы, 77 педагог, психолог, педагог-ұйымдастырушы (тәлімгерлер), магистрант жолдама алды:

  1. жоғары сынып оқушылары командасы -17;
  2. колледж студенттері командасы – 2;
  3. жас  педагог, психолог, тәлімгер – 66.

        «Астана дарыны» ДДжПС орталығы  2021 жылы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық және «Астана дарыны» орталығының 15-жылдық мерейтойына арналған іс – шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен бірлесе отырып 8-10 сынып оқушылары арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын өткізді. 

Конкурстың мақсаты: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу–танымдық қызығушылығын ынталандыру.

Конкурс офлайн режимінде 3 бағыт бойынша өтті:

  1. Гуманитарлық бағыт;
  2. Әлеуметтік бағыт;
  3. Политехникалық бағыт.

         Қалалық конкурсқа 24 білім беру мекемесінен 48 жобамен 58 оқушы қатысты. 

Оқушылардың «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары  тыңдап, бағалады. 

Конкурстың қорытындысы бойынша 21 жобамен 25 оқушы жеңімпаз атанып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының сыйлықтарымен марапатталды: І орын – 2; ІІ орын – 7; ІІІ орын – 12; Грамота -12. Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

«Астана дарыны» ДДжПС орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында №70 мектеп-лицейінде 2021 жылдың 20 сәуір күні І қалалық «Мәуелі мұра» оқуларын өткізді. «Мәуелі мұра» оқулары қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналды. 

I қалалық «Мәуелі мұра» оқуларына 50 мектептен  104 оқушы  4 номинация бойынша қатысты. Оқулардың қорытындысы бойынша: І орын – 6; ІІ орын – 12; ІІІ  орын – 22;  грамота – 15.

         22 сәуірде 5-11 сынып оқушылары арасында қашықтық режимінде республикалық «Қадыр оқулары» өтті. 

         Қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын  жас ұрпаққа   кеңінен насихаттау  мақсатында ұйымдастырылған оқуда  қалалық кезеңінің жеңімпаздары – №70 мектеп–лицейінің 10-сынып оқушысы Пармешов Елдос пен  6-сынып оқушысы Сайполда Ислам, №29 орта мектебінің  10 – сынып оқушысы Дильшат Мәрмәр елорда намысын қорғады. «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» номинациясы бойынша  Дильшат Мәрмәр I орын, «Сөзім барда – Өмір бар» номинациясы бойынша Пармешов Елдос III орын иеленіп, астананың абыройын асқақтатты.  

Аталған байқауға шәкірттерін үлкен жауапкершілікпен дайындаған Бейсенбина Айгүл Базарбекқызына алғыс айтамыз.

2021 жылдың сәуір айының 8, 22 күндері «Астана дарыны»   дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу  орталығының  жұмыс жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған I қалалық жасөспірімдер гуманитарлық олимпиадасына 69 мектептен 310 қатысушы сұраныс берді.

Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру, оқушылардың ақпараттық, танымдық қабілеттерінің ауызша, жазбаша өз тілінде және шет тілінде қалыптасуына жол ашу, қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндерден олимпиада қорын қалыптастыру.  

         Олимпиада «Тілтану» және «Қазақстан тарихы» бағыты бойынша 2 кезеңде өтті:

  I (іріктеу кезеңі) –  онлайн форматта.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Тілтану» бағытына қатысқан 158 оқушының 102-сі, «Қазақстан тарихы» бағытына қатысқан 99 оқушының 30-ы олимпиаданың қорытынды кезеңіне жолдама алды.

II (қорытынды кезең) – офлайн форматта. 

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне екі бағыт бойынша 117 оқушы («Тілтану» бағытына 90 оқушы,  «Қазақстан тарихы» бағытына – 27 оқушы) қатысты.

«Тілтану» бағыты бойынша: I орын – 7; II орын – 12; III орын – 22; грамота – 12.

«Қазақстан тарихы» бағыты бойынша: I орын – 2; II орын – 4; III орын – 7; грамота – 6.

      26 сәуір күні «Астана дарыны» ДДжПС орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе өткізген математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының (бұдан әрі-Олимпиада) республикалық кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 10 оқушы қатысты. Ақтық кезең №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде өтті.

Олимпиаданың мақсаты – талантты балаларды анықтап, оқушылардың математикалық білімді меңгеруіне жағдай жасау, оқушылардың алған білімін тәжірибеде қолдану, іскерліктерін шыңдау және олимпиада резервін қалыптастыру.

         I республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қорытындысы бойынша, 10 қатысушының  9-ы (90%)  марапатталды.

         Олимпиадаға қатысып, марапатқа ие болған оқушылар:

5 сынып:

І орын – Ағыбаев Ануар, №66 мл,

ІІ орын – Даулов Даулет, №59 мл,

ІІІ орын – Қалыбай Ерзат, №48 мл,

Грамота – Бестерек Адия, №75 мг.

6 сынып:

Бас жүлдеКуралов Ади, №75 мг,

І орын – Сейтбай Алдияр, №50 мл,

ІІ орын – Қарабай Санжар, №59 мл,

ІІІ орын – Ырысбекұлы Бақжол, №82 «Дарын» мм

Грамота – Қабыл Мади, №84 мл.

2021 жылдың 20 – 26 сәуірінде пәндік олимпиадалар жүйесінде ерекше орын алатын оқушылардың химия пәні бойынша 55-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада онлайн режимде өтті.

«Үздік жас химик» атағы үшін бәсекелесуге ТМД, Балтық және Еуропаның 30 елінен ұлттық химиялық олимпиадалардың жеңімпаздары арасынан бітіруші түлектер мен жоғары сынып оқушылары ниет білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласының ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Сейсенқұл Бақдәулет Халықаралық Менделеев олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, қола медальға ие болды.

Елордалық оқушымыздың халықаралық олимпиадаға қатысуына демеуші болған «ZERDELI»  ақыл-ой дамыту мектебінің директоры Рысбек Мәуітке, «Bilim Foundation» ҚҚ президенті Айтмұхамбет Ерлан Аманжолұлына және ер балаларға арналған «Білім инновация» лицейінің директоры Пириев Эльбрус Камалұлына алғыс білдіреміз.

29 сәуірде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен  Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы бірлесіп қалалық білім беру мекемелерінің 4-сынып оқушылары арасында «Бала Абай» қалалық байқауын өткізді. Байқауға 56 мектептен 106 оқушыға қатысты.  2 номинация бойынша өткен байқаудың нәтижесі: І орын – 5; ІІ орын – 11; ІІІ орын -14; грамота – 19.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

Педагогикалық шеберлік бөлімі сәуір айында елордалық ұстаздар қауымы үшін төмендегідей іс – шараларды өткізді:

       2021 жылдың 6 сәуір күні You Tube платформасында өткен вебинар 179 адамды қамтыды. «Астана дарыны» ДДжПСО Педагогикалық шеберлік бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждердің соңғы курс студенттері, магистранттар, мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары және мұғалімдеріне арналған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізу талаптары мен ережелерін қамтыған вебинар өтті. «Көпшілік алдында сөйлеуге психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек» тақырыбында психологиялық кеңес берілді және олимпиаданың әр сатысы бойынша тапсырмаларына тоқталып, өткізу шарттары таныстырылды.

«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының негізгі мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Вебинарға қатысқан 179 тыңдарман өз пікірлерімен бөлісіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

          19-23 сәуір күндері аралығында 66 білім беру мекемесінен 29 командалық жұмыспен 141 адамды қамтыған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының іріктеу кезеңі (тестілеу) өтті.

Іріктеу кезеңіне 27 жоғары сынып оқушылар командасы, 2 жоғары оқу орны мен колледж студенттері командасы, 18 магистрант, 123 жас педагогтер, психологтер, педагог-ұйымдастырушылар, тәлімгерлер қатысты.

Нәтижесінде қалалық қорытынды кезеңге 19 жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері, 77 педагог, психолог, педагог-ұйымдастырушы (тәлімгерлер), магистрант жолдама алды.

         2021 жылдың 28-29 сәуір күндері педагогикалық олимпиаданың қалалық қорытынды кезеңі өтті.

Қорытынды кезеңнің алғашқы күні жас педагогтер мен педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер), психологтер, ал 29 сәуір күні жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері және магистранттар бақ сынасты. 

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар (66 педагог, 19 команда) төрт саты бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті. 

Педагог, психолог, педагог-ұйымдастырушы (тәлімгерлер), магистранттар арасында: І орын-6; ІІ орын 9; ІІІ орын 15; грамота-20.

Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында: І орын – 1, ІІ орын  – 4, ІІІ орын – 4, грамота – 6. 

    2021 жылдың 21 – 30 сәуір күндері №72 мектеп – лицейі базасында 

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ технология және бизнес университетінің географ ғалымдарының және National Geographic Qazaqstan журналы өкілдерінің қатысуымен география пәні мұғалімдері ассоциациясының отырысы  өтті (қамтуы 40 адам).

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ ІС-ШАРАЛАРЫ

Психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен сәуір айында 375 адамды қамтыған 15 іс – шара өткізілді.

1 сәуірде «Болашақ психологтер мектебі» «Психикалық денсаулық: ғалымға 10 сұрақ» тақырыбында вебинар өткізілді (17 адам).

    5 сәуірде «Өмірге ИЯ деп айт!» қалалық акциясы өткізілді.  Ақцияға 85 мектеп, 14 колледж қатысты. 

    6 сәуірде Кострома қаласында (Ресей) өткен  халықаралық  ғылыми- практикалық конференцияда «Астана дарыны» ДДжПСО Психологиялық қызмет бөлімінің жұмыс тәжірибесі туралы бөлім консультант-психологі А.Н.Тесленко «Оқушы жастардың оң әлеуметтендіру траекториясын қалыптастыруда психологиялық қызметтің әлеуеті» баяндамасымен қатысты.   

    4-7 сәуір күндері Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының  бағдарламасы шеңберінде біліктілікті арттыру курсында консультант-психолог А.Н.Тесленко лекция оқыды (  екі жақтық келісім бойынша) (12 дәрістік сағат,онлайн).

   16 сәуірде Ата-аналар клубы:  «Сіздің балаңыз  мектеп бітіруші:оған   мамандық таңдауға  көмектесу»  тақырыбында вебинар өтті (№47 МГ, 41 ата-ана қатысты).

16 сәуірде  Ата-аналар клубы:  «Баланы  жазасыз  тәрбиелеу  сыры неде?»  тақырыбында вебинар  (28 ата-ана қатысты).

21 сәуірде «Жас психолог мектебі» аясында №33 мектеп-балабақша  кешінінің  педагог – психологі А. Аренова тәжірибе алмасу мақсатында 1-сынып оқушыларымен «Менің ойлауым, менің  қабылдауым» тақырыбында   ашық сабақ өткізді ( 27 педагог- психолог қатысты).

22-23 сәуір күндері «Ювенологиялық оқулар-2021» жастар ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді (36  адам қатысты).

25 сәуірде Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушы оқушылармен психологиялық жаттығулар өткізілді (90 оқушы қатысты).

27 сәуірде  Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарында өз жобасын іске асырушы  «Bilim Foundation» ҚҚ  тәжірибесін зерделеу бойынша Білім және ғылым министрлігі  Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті ұйымдастырған  республикалық  семинараға қатысты.

14-26 сәуір күндері Аттестатциядан өтетін педагог-психологтермен ашық сабақтар ұйымдастырылды  (мектептер:  №21, 24, 33, 55, Нұр–Орда).

26-28 сәуір күндері «Амалтея» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасы бойынша  педагог-психологтерге арналған  оқыту курсы  өткізілді ( қатысушылар  26 педагог – психолог).

27-28 сәуір аралығында  Ақмола облысы Білім басқармасының шақыруымен  облыстық педагогикалық шеберлік конкурсына  консультант-психолог А.Н.Тесленко сарапшы ретінде қатысты.

28 сәуірде «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасына   қазылар   мүшесі  ретінде қатысу ( 11 психолог қатысты).

1-29 сәуір аралығында  ЖӘТ  отырыстары өткізілді  (№27, №37 , №39, №48,№56, №59  және Республикалық  медицина академиясы колледжі, «Менеджмент және  бизнес» колледжі).

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ

          «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі сәуір айында барлығы 638 адамды қамтыған 2 іс-шара өткізді.

«Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне сәуір айында оқушылар, ата-аналар мен мектеп басшылық тарапынан ұсыныстар келіп түсті. Кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 22 мекемеден 62 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға жеке-жеке кеңес берді. Оның ішінде:

7 сынып – 5 оқушы

8 сынып – 5 оқушы;

9 сынып – 42 оқушы;

10 сынып – 6 оқушы;

11 сынып – 4 оқушы.

Мектеп түлектеріне арналған «Мамандық және мансап» онлайн көрме (576 адам).

2021 жылдың 14-15 сәуірінде «Астана дарыны» ДДжПСО «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үздік университеттерінің қатысуымен «Мамандық және мансап» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары үшін онлайн көрме ұйымдастырды.

  Көрмеде «Астана дарыны» орталығының қызметкерлері «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің жұмысы туралы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары оқу орындарына түсу бойынша ақпарат беріп, олардың бейнероликтерін көрсетті, ал Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үздік университеттерінің өкілдері, атап айтқанда: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Нархоз университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қазақстан-Америка Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.С.Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ» университеті, Тұран-Астана университеті, Astana IT University, Астана Халықаралық университеті мамандарды даярлау саласындағы университеттердің жетістіктері туралы, сапалы білім туралы, оқуға түсу кезінде құжаттарды қабылдаудың толық сипаттамасы, грантқа түсу және оқуға жеңілдіктер алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берді.