2021 жылдың 26-27 сәуірі күндері еліміздің бүкіл аймағында бір мезгілде мектеп оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Информационно-аналитическая справка по итогам проведения Республиканской олимпиады
Республикалық олимпиада – бұл оқылатын пәнге деген қызығушылықты арттыруға, дарынды оқушыларды анықтауға септігін тигізетін, өз білімі мен қабілеттерін тексеруге және өз-өзін сыни бағалауға мүмкіндік беретін білім мен дағдылардың көрсетілімі.
Елордалық оқушылар үшін республикалық олимпиада сәтті аяқталды! Бұл «Астана дарыны» орталығының осы оқу жылында алғаш рет олимпиаданың әр кезеңінен кейін өткізген оқу-жаттығу жиындарындағы оқушылардың жүйелі дайындығының нәтижесі, мұндай игі істің балаларымыздың шешуші кезеңде сәтті өнер көрсетуіне ықпал еткені сөзсіз.
Жас олимпиадашылар өздерінің табысты білім көрсеткіштерімен тағы да елорда қоржынын 68 жүлделі орынмен толықтырып, жоғары білім деңгейін дәлелдеді, биылғы жүлде қорымызда 11 алтын, 24 күміс және 33 қола медаль бар!
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған №3 МГ, №6 Г, №9 «Зерде», №17 МГ, №22 МГ, №46 МГ, №48 МЛ, №60 МЛ, №66 МЛ, №82 «Дарын» Л, №87 МГ, БИЛ (ұл), «NURORDA» МЛ, Экономикалық лицей, «Spectrum» ЖМ, «Столичная школа №1» білім мекемелеріне алғысымызды білдіреміз!
Нұр-Сұлтан қаласының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың ұстаздары мен ата-аналарын еліміздің ең беделді олимпиадасындағы жемісті жеңісімен құттықтаймыз!