«АМАЛТЕЯ» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасы курсы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеуорталығы және «Co-Make» ҚҚ бірлесіп, «АМАЛТЕЯ» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасымен жұмыс істеу және оны игеру бойыншамектеп педагог-психологтері үшін оқыту курсын өткізді. Оқыту курсы 2021жылы 26-28 сәуір күндері онлайн форматында өтті. Автоматтандырылған бағдарламамен жұмыс істеудің теориясын және психодиагностикалық құралдарды тәжірибеде қолдану туралы тренерлер – Капанова Г.К, Нуриманова А.К. дәріс жүргізіп, қолдану әдістерін көрсетті. Жүргізілген әдістерді жасөспірім топтарында тестілеу кезінде қолдану, тәуелді мінез-құлыққа бейімділіктің жоғары қаупі бар скринингтік тексеру, оқушылардың психоэмоционалдық жай-күйін анықтап, жеке және топтық мониторинг жасау, деректерді жедел алу әдістері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Оқыту курсынан өткен 26 педагог-психологтерге «Астана дарыны» орталығының атынан «Жасөспірімдердің аддиктивті мінез-құлыққа бейімділігінің психологиялық факторларын бағалау», «Мектепке бейімделу диагностикасы» дискілері табысталып, «Co-Make» ҚҚ-ның атынан сертификаттар тапсырылды.