Қалалық «Бала Абай» байқауының қорытындысы

Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 4-сынып оқушылары арасында өткен қалалық «Бала Абай» байқауының қорытындысы

2021 жылдың 29 сәуір күні  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» КММ бірлесіп қалалық «Бала Абай» байқауын өткізді.  

   Мақсаты: Бала Абайдыңбалалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу.

 Байқау офлайн форматта екі номинация бойынша өткізілді.  

I номинация: Абай өлеңдерінен эстафета;

II номинация: Абай шығармаларынан видеосюжет.

     Байқауға:

I номинация бойынша  49 мектептен  – 52 оқушы;  

II номинация бойынша 52 мектептен – 54 оқушы сұраныс берді.

«Бала Абай» байқауы екі кезеңнен өткізілді:

            1 – кезеңде I номинация бойынша  «Абай өлеңдерінен эстафета» (алдын ала берілген 30 өлеңнің  алдыңғы бес шумағын жаттау, қайым айтыс форматында кідіріссіз жалғастыру). Бірінші кезеңде 52 оқушы жұптасып, 26 жұп қайым айтысқа түсті. Іріктелген 13 жұп екінші кезеңде  бақ сынасты.

         II номинацияда Абай шығармаларынан 54 видеосюжет қаралып,  екінші кезеңге 24 оқушының жұмысы іріктеліп шықты. Видеосюжет төмендегі талаптар бойынша анықталды.

  • Іріктеуден өткен қатысушылар қорытынды кезеңде сахнада жанды дауыспен ұсынылған видеосюжетті орындады, соның қорытындысымен жеңімпаздар анықталды. Орындау барысында видеосюжет жүргізіліп отырды;
    •  Видеосюжет барысында музыкалық сүйемелдеу қолданылды;
  • Сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдык – экспрессивтік бояуы), мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымын терең сезінуі, әртістік шеберлігі бағаланды;
  • Шығарма тақырыбы мен музыкалық сүйемелдеу қатысушының сыртқы бейнесімен үндесуі ескерілді;

      Байқауға қатысушылардың  жұмыстарын  жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің профессорлық-оқытушы құрамынан, ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінен құралған қазылар алқасы әділ бағалады. Байқаудың қорытындысы бойынша:

      «Абай өлеңдерінен эстафета» (I номинация) бойынша:

Бас жүлде №14 МГ

І орын– №4 МГ, №87 МГ;

ІІ орын– №19 ОМ, №27 МЛ, №49 МГ, №60 МЛ, №64 МЛ, №68 МГ;

ІІІ орын– №31 МГ, №52 МГ, №57 ОМ, №70МЛ, №78 МГ, №81 МГ, №82 ДМЛ (2), №84 МЛ;

Грамота – №2 МГ, №40 МЛ, №48МЛ, №59 МЛ, №74 МГ, №86 МГ;

Алғыс хат– № 3 МГ,№56 МЛ.

   «Абай шығармаларынан видеосюжет» (IІ номинация) бойынша:

І орын – №4 МГ, №70 МЛ;

ІІ орын – №56 МЛ, №73 МЛ, №82 ДМЛ, №83 МГ, №82 ДМЛ;

ІІІ орын – №61 ОМ, №71 МЛ, №72 МЛ, №86 МГ, №87 МГ;

Грамота – №40 МЛ, №48 МЛ, №53 МЛ, №64 МЛ;

Алғыс хат – №42 ОМ, №49 ОМ, №59 МЛ, №67МГ, №74МГ, №78 МЛ, «NURORDA» МЛ.

Қалалық «Бала Абай» атты байқауын  өткізуге қосқан үлесі үшін Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияның әкімшілігі мен ұстаздарына алғыс айтамыз.

Дипломдар, грамоталар және сертификаттар