Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінің екінші күні

2020-2021 оқу жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі ағымдағы жылдың 25-30 сәуірі аралығында «Ustudy» орталықтарының базасында барлық санитарлық талаптардың сақталуымен, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өткізілуде.

Бүгін, яғни 27 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында «Ustudy» орталығы базасында Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің екінші туры өтіп жатыр. Аталған олимпиадаға қатысып жатқан елордалық 150 оқушыға сәттілік тілейміз!