2021 жылдың 22-23 сәуірінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы № 3, 47 МГ, № 60, 72 МЛ, «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі ұйымдастырушыларымен бірлесіп қоғамдық сананы жаңғырту және жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында жастардың мәдени тәжірибелеріндегі өзекті мәселелерін талқылау мақсатында халықаралық жастар ынтымақтастығы күні іс – шаралары аясында «ЮВЕНОЛОГИЯЛЫҚ оқулар-2021» қалалық жастар ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Халықаралық жастар ынтымақтастығы күніне арналған конференция жұмысына (жыл сайын 24 сәуір) Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері қатысты.
«Астана дарыны» ДДжПСО директоры Ғаждамбек Тұрсынов құттықтау сөзімен конференцияны ашып, жастар мәселесі бойынша өткізіліп отырған конференцияның маңыздылығына тоқталып өтті.
Жастар мәселесін зерттеу саласындағы жетекші маман профессор, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), халықаралық ювенология академиясының және Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Александр Николаевич Тесленко конференцияның модераторы болды. Конференцияға құрметті қонақ РФ(Мәскеу қ., Ресей) еңбек сіңірген ғылым қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рожков Михаил Иосифович қатысты. Конференцияның бірінші күні пленарлық вебинар өтті, онда 28 қатысушы жастар проблемалары аясында өз баяндамаларын ұсынды: жастардың виртуалды коммуникациясының ерекшеліктері, оның тәуекелдері мен фобиялары, жасырын жастар тәжірибесі, жас қазақстандықтардың көзімен проблемаларға заманауи көзқарас және т.б. Осы күні Modern Education & Research Institute-тің (Брюссель қ., Бельгия) қатысуымен «Қазіргі ұрпақ: өзі туралы ғана емес …» воркшоп өтті.
– Z ұрпағы, центениалдар ұрпағы, снежинкалар ұрпағы, желі ұрпағы – олар кімдер? Олар немен өмір сүреді? Олардың кәсіби өмірден және бізді, оларды осы өмірге дайындайтын оқытушылардан қандай үміттері бар? Біздің студенттеріміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси көзқарастары қандай? Жас ұрпақ туралы Медиа-стереотиптерде шындық және жалғандық қайда? Осы мәселелер үш панельдік сессияда талқыланды:
1. Ұрпақтар теориясы: мифтер мен шындық (модератор: Инга Милевич, Латвия).
2. Жастардың өмірлік жоспарлары мен құндылық ұстанымдары (модератор: М.И. Рожков, Ресей).
3. «Центениалдардың» ұрпағы: саяси ұстанымдары (модератор: А. Н.Тесленко, Қазақстан).
Виртуалды әңгіме Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Белоруссия және Еуроодақ елдерінің оқушыларын, студенттерін, біріктірді.
Екінші күні, 23 сәуірде «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің базасында «Жасөспірім болу оңай ма?» тақырыбында пікірталас өтті Қатысушылар оқушы жастардың өзекті мәселелерін және жастарды әлеуметтендірудің түрлі аспектілерін талқылады. Пікірталас барысында балалар жасөспірімдердің ата-аналарымен, мұғалімдермен, құрдастарымен қарым-қатынас мәселелеріне қатысты өз пікірлерін білдірді. Кәмелетке толмағандардың таңдау еркіндігі мен жауапкершілігі, бос уақыт пен өмірлік перспективаларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Талқылау барысында жас ұрпақ қоғамда өз орнын табуға белсенді, тәуелсіз, мақсатты, сенімді тұлғалар ретінде өздерін көрсете білді.
«Ювенологиялық оқулар – 2021» қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының дипломымен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Жастар ғылыми-практикалық конференциясы жұмысының нәтижелері бойынша үздік баяндамасы үшін: № 31 мектеп-гимназиясының оқушысы Гуцуленко Елизавета (1 дәрежелі диплом), № 31 мектеп-гимназиясының оқушысы Пудель Елизавета (2 дәрежелі диплом), № 60 мектеп-лицейінің оқушысы Ахметов Анвар (3 дәрежелі диплом), № 72 мектеп-лицейінің оқушысы Ахметов Анвар (3 дәрежелі диплом) марапатталды.
Жастар ғылыми-практикалық конференциясы жұмысының нәтижелері бойынша үздік презентациясы үшін «Қаржы академиясы» АҚ колледжінің студенті Ильина Надежда (1 дәрежелі диплом), №72 мектеп-гимназиясының оқушысы Мухаммедова Камила (2 дәрежелі диплом), №72 мектеп-гимназиясының оқушысы Татура Вероника (3 дәрежелі диплом), «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің студенті Дәуренұлы Жан (3 дәрежелі диплом) марапатталды.
Конференция соңы қатысушылардың «Біз – бұл әлем!» атты флеш-моб қойылымымен жабылды.
«ЮВЕНОЛОГИЯЛЫҚ ОҚУЛАР-2021» бейнероликті сілтемесі арқылы көруге болады