2021 жылдың 26 сәуірі күні Нұр-Сұлтан қаласында «Ustudy» орталығы базасында 2020-2021 оқу жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінің алғашқы күні басталды. Аталған олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласынан 110 оқушы, оның ішінде 40 қатысушы – қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 70 қатысушы – жаратылыстану-математикалық бағытта бақ сынауда. Олимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы және «Дарын» РҒПО директорының міндетін атқарушы Сатанов Арыстан Болатұлы арнайы келді.
Республикалық олимпиадаға қатысушы елордалық оқушыларға сәттілік тілейміз!