«Bilim Foundation» қоғамдық қоры

«Bilim foundation» қоғамдық қоры – білім беру саласындағы тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейтін, ортақ мақсаты бар психологтар, дәрігерлер, педагогтар, аналитиктер, әлеуметтанушылар мен программисттерден тұратын ұжым.

Миссиясы: ХХІ ғасырға лайық және болашақта өзін-өзі дамытуға қабілетті рухани құндылықтарға ие Қазақстанның салауатты жас ұрпағын қалыптастыру, сақтау және өсіру.

Мақсаты: өмірлік дағдыларды қалыптастыру және дамыту, мектептегі болашақ ұрпақтың психикалық денсаулығын нығайту.Қор 2016 жылы Алматы қаласында құрылған. Бүгінде келесідей танымал ұйымдармен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік орнатып үлгерген:

  • Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Бұл ұйымдар Бағдарламаны жүзеге асыруда Қор жұмысына әдістемелік қолдау көрсетеді.
  • «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Осындай ынтымақтастықтың арқасында Қор шетелдік серіктестермен жұмыс істеуге, жаңа жобалармен және инновациялық технологиялар мен жобаларды жетілдіру мүмкіндігіне ие болды
  • Американдық психологиялық қауымдастық (American Psychological Association, APA). Бұл Қауымдастық әлемдегі кәсіби психологтардың ең ықпалды ассоциацияларының бірі, соның ішінде АҚШ-тан, Канада мен басқа елдерден келген 150 мыңға жуық маманның басын біріктіруде. Қауымдастықтың миссиясы – психологияны ғылым, кәсіп пен тұрмыс жағдайын жақсарту, адамдардың психикалық саулығы мен білім алу құралы ретінде алға жылжыту.
  • Жастарды көшбасшылық, техникалық және өмірлік дағдыларды игеруге және дамытуға Халықаралық жастар қоры (International Youth Foundation) көмектеседі

Қор Астана қаласында орналасқан. Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Көкшетау қалаларында өкілдіктері бар. Қор ұсынған бағдарлама жүзеге асырылып жатқан өңірдің барлық мекенін қамтиды.

«Bilim foundation» Қорының басты жобасы – «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы. Бағдарламаның www.zhastar.org электронды ресурсы бар, ол алға қойған міндеттерді тиімді іске асыруға жағдай жасайды. Бағдарлама облыс басшылығының тікелей қолдауымен Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Ақмола облыстарында жүзеге асырылуда.

https://www.youtube.com/channel/UCE0i20AbZaK-jqQkN035hGw/featured