ІV Республикалық «Қадыр оқулары»

Қазақ поэзиясының ойшыл ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттау мақсатында 5 – 11 сынып оқушылары арасында ағымдағы жылдың 22 сәуір күні ІV Республикалық «Қадыр оқулары» онлайн режимде өтті. 

Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің атынан қалалық іріктеу кезеңінің бас жүлде иегерлері «Сөзім барда – өзім бар» номинациясына №70 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Пәрмешов Елдос, «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы» номинациясына №29 орта мектебінің 6- сынып оқушысы Сайполда Ислам, «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» номинациясына №70 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ділшәт Мәрмәр қатысты.

Республикалық кезеңде:

«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» номинациясы бойынша Ділшәт Мәрмәр І орын, «Сөзім барда – өзім бар» номинациясы бойынша Пәрмешов Елдос ІІІ орын иегері атанды. «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы» номинациясы бойынша Сайполда Ислам грамотамен марапатталды.

Үлкен додада оза шапқан дарынды шәкірттерді дайындаған жетекшілері Бейсенбина Айгүл Базарбайқызына алғыс айтамыз! Еңбектеріне табыс тілейміз!