Қалалық жасөспірімдер гуманитарлық олимпиадасының қорытынды кезеңі

         Бүгін, 22 сәуір күні, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының  ұйымдастыруымен №3 мектеп-гимназиясында қалалық жасөспірімдер гуманитарлық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтіп жатыр.

         Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру, оқушылардың ақпараттық, танымдық қабілеттерінің ауызша, жазбаша өз тілінде және шет тілінде қалыптасуына жол ашу, қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндерден олимпиада қорын қалыптастыру. 

         Олимпиаданың қорытынды кезеңіне екі бағыт бойынша 132 оқушы жолдама алды (қатысушылардың тізімі: http://tiny.cc/3abwtz):

         «Тілтану» бағыты бойынша – 90 қатысушы, ал «Қазақстан тарихы» бағыты бойынша 27 оқушы қатысып отыр.

         Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» ДДжПСО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

         Олимпиаданың аяқталуы сағат 12:00.

         Олимпиада қорытындысы «Астана дарыны» ДДжПСО сайтында жарияланады www.astanadaryny.kz.

         Қатысушыларға сәттілік тілейміз!