БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

2020-2021 оқу жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі ағымдағы жылдың 25-30 сәуірі аралығында «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптардың сақталуымен, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өткізіледі.  

Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы өтеді.

Жыл сайын Республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізіледі. Биылғы оқу жылы Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысып, аудандық кезеңге 100 мыңға жуық оқушы өтті. Облыстық кезеңге 12 мыңнан астам оқушы қатысса, қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1582 оқушы  қатысатын болады. 

Олимпиаданың тапсырмалары «Дарын» РҒПО интернет ресурсы арқылы әр кезеңнің басында бір уақытта ұсынылады және әрбір қатысушыға тапсырмаларға қол жеткізу жеке коды беріледі. Олимпиада  аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстарына шифр қойып, қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберіледі. Әрбір кезең аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстарының көшірмелері «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында олардың жеке деректерін белгілеусіз орналастырылады. Дұрыс жауаптар және кезең нәтижелері көрсетілген хаттамалар «Дарын» РҒПО сайтында жарияланады.

Шара онлайн режимде көрсетіледі, бейнебақылаудың сілтемелері «Дарын» РҒПО сайтында қолжетімді болады.

Республикалық олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 25 сәуірде онлайн режимде өткізіледі. 26-27 сәуірде олимпиаданың I және II кезеңдері өтеді. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жұмыстарын 26-28 сәуірде тексереді.  Апелляция 29 сәуірге жоспарланған. Олимпиаданың жабылу салтанаты 30 сәуірде онлайн режимде өтеді.

www.respa2021.daryn.kz

Олимпиада жеңімпаздары еліміздің намысын халықаралық олимпиадаларда қорғайды.

Республикалық олимпиадаға елордадан 110 оқушы қатысады, оның ішінде 40 қатысушы – қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 70 қатысушы – жаратылыстану-математикалық бағытта.   

Республикалық олимпиаданың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат алу үшін:  Нұр-Сұлтан қ., «Астана дарыны» ДДжПСО, Мәңгілік ел даңғылы,  55/13, Блок С 2-1  тел. 202540.