«Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы

2021 жылғы сәуір айының 20 күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасымен бірлесе отырып, 8-10 сынып оқушылары арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық және «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының 15 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды жүзеге асыру және оқушылардың ғылыми–зерттеу және оқу–танымдық қызығушылығын ынталандыру.

Конкурс офлайн режимінде ұйымдастырылды.

Конкурс төмендегі бағыттар бойынша өтті:

Гуманитарлық бағыт;

Әлеуметтік бағыт;

Политехникалық бағыт.

Қалалық  конкурсқа 24 білім беру мекемесінен (№2 МГ, №4 МГ, №7 МГ, №8 МЛ,  «№9 дарынды балаларға арналған «ЗЕРДЕ» мамандандырылған мектебі», №15 МЛ, №28 МЛ, №36 ОМ, №37 МЛ, №51 МГ, №53 МЛ, №56 МЛ, №63 МГ, №64 МЛ, №65 МГ, №66 МЛ, №68 МГ, №72 МЛ, №74 МГ, №77 МГ, №79 МЛ, №85 МЛ, №87 МГ, «Центральная» мектебі) 48 жобамен 58 оқушы қатысты.

Оқушылардың «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары  тыңдап, бағалады.

Конкурстың қорытындысы бойынша 48 жобамен 58 елордалық оқушының арасынан 21 жоба, 25 оқушы жеңімпаздар атанып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының сыйлықтарымен марапатталды.

Конкурстың барлық қатысушыларына  электронды сертификаттар берілді.

Гуманитарлық бағыт бойынша:

1 орын: №4МГ;

2 орын: №№51МГ, 77МГ, 87МГ;

3 орын: №№7МГ, 9 дарынды балаларғы арналған «Зерде» мамандандырылған мектебі (2), 72МЛ, 74МГ,;

Грамота: №№37МЛ, 79МЛ, 87МГ.

Политехникалық бағыт бойынша:

1 орын: № 28МЛ;

2 орын: №№9 дарынды балаларғы арналған «Зерде» мамандандырылған мектебі, 53МЛ, 85МЛ;

3 орын: №№ 8МЛ, 2МГ, 53МЛ, «Центральная» экономикалық мектебі;

Грамота: №№7МГ, 8МЛ, №9 дарынды балаларғы арналған «Зерде» мамандандырылған мектебі, 64МЛ, 85МЛ.

Әлеуметтік бағыт бойынша:

1 орын: –

2 орын: №36ОМ;

3 орын: №№ 15МЛ, 63МГ , 77МГ;

Грамота: №№ 4МГ, №9 дарынды балаларғы арналған «Зерде» мамандандырылған мектебі, 65МГ, 66МЛ.