Педагог-психологтердің тәжірибе алмасуы

2021 жылдың 21 сәуірі күні  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің іс –шаралар жоспары аясында тәжірибе алмасу мақсатында педагог-психологтердің қашықтан ашық сабағын ұйымдастырып, өткізді.

Ашық сабақты  Н. Әбдіров ат. №33 «Балабақша-мектеп»  кешенінің  педагог- психологі Аренова  Әлия  «Өзіндік даму психологиясы» курсы бойынша   1 сынып оқушыларымен онлайн форматта  өткізді. Қатысқан оқушылар саны- 22.

Сабақтың тақырыбы:  « Менің  ойлауым және  елестетуім»

Сабақ барысында   әр түрлі интерактивті тапсырмалар арқылы  ойлау, елестетудің маңыздылығын ашуға,  қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарастын қалыптастыруға  жұмыс жасалды. Психолог  сабақтың  әр кезеңінде барлық білім алушыларды белсенді оқуға тарта білді, АКТ ресурстарын  кеңінен пайдаланды. 

  Жүйелі  құрылған тапсырмалар мен қолданылған материалдар оқушылардың  қызығушылықпен орындауына,  белсенділік   танытуына  ықпалын  тигізді.    Кері байланыста  оқушыларды  өз әрекетін   бағалауға жетеледі.  Дұрыс қойылған мақсат арқылы оқушылардың сабақты  игеруіне жағдай жасалады.

Ашық сабаққа мектепке дейінгі мекемелер және  мектептерден   27 педагог-психологтер қатысып,  сабақ  білім беру нәтижелеріне қол жеткізу  талаптарымен  сәйкес өтті деген  қорытынды жасалды.