2021 жылдың 21 сәуірінде №72 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» ДДжПСО ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің алдыңғы қатарлы география пәні мұғалімдері мен география оқулығының авторлары, ЖОО ғалымдары және National Geographic Qazaqstan журналы өкілдерінің қатысуымен, елордалық географтар ассоциациясының алғашқы отырысы өтті.
Қатысушылар география пәні бойынша өтетін олимпиаданың деңгейі мен дәрежесін мектепішілік кезеңнен бастап, халықаралық деңгейге дейін көтеру мәселесін жан-жақты талқылап, өз ойларын ортаға салды. Олимпиаданы өткізу форматы мен мазмұны бойынша идеяларымен бөлісті. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады. Ассоциация жұмысына сәттілік тілейміз!