Нұр- Сұлтан қаласы Білім басқармасының 2021 жылдың 12 наурызындағы №104 бұйрығына сәйкес «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, білім беру мекемелерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 15 -27 наурыз аралығында «Өмірге Ия деп айт!» қалалық ақпараттық акция ұйымдастырылып, өткізілді.
Акция ұраны: «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!»
Ақпараттық акцияның мақсаты: баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару.
Білім басқармасының бұйрығын негізге ала отырып, «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімі әзірлеген қалалық ақпараттық ақция аясында өткізілетін іс – шаралар жоспары елордалық білім беру мекемелеріне жіберілді. Іс -шараларды өткізу мен ұйымдастыруда карантин жағдайының талаптары ескеріліп, шағын топтарда және онлайн форматта өткізілді.
Қалалық ақпараттық науқан іс-шарасын өткізуге жалпы орта білім беретін 85 мектептің 3-11 сынып оқушылары, 14 колледжден 1-4 курс студенттері қатысты.
Бағдарлама аясында мектептер және колледждерде жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында сынып жетекшілері, кураторлар, пән мұғалімдерінің қатысуымен оқыту семинарлары өткізілді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мектеп маңызды роль атқарады және ол тәрбие жұмыстарының орталығы болған да және болып та қала бермек. Отбасындағы хал-ахуалды жақсартуға, сақтауға және отбасылық құндылықтарды дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуде ата-аналармен жүргізілетін психологиялық ағартушылық жұмыстардың орны ерекше. Аталған акция аясында педагогпсихологтар, мектеп инспекторлары, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері бірлесіп, әр буындағы сынып оқушыларының ата-аналарымен балалардың интернет және әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде ата-ана тарапынан бақылауды күшейту тақырыбында психологиялық кеңестер ұйымдастырып өткізді. Колледж студенттері арасында «Өмір, мен сені сүйемін!» атты челлендж ұйымдастырылып, қорытындысы «Астана дарыны» ДДжПС орталығының instagram, Facebook парақша беттерінде жарияланды.
Акция аясында өткізілген барлық іс- шаралар семинарлар, дебаттық турнирлер, флешмобтар, тақырыптық көрмелер оқушылардың өз ойларын ашық, толықтай жеткізуге, өзіне зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғануына, өздерін басқа да қырларынан тануына да бір қадам жасалды деп айта аламыз. Осы іс-шараны өткізудің бастамашысы болған мектеп педагог-психологтерінің еңбегін ерекше деп айтып өткеніміз дұрыс. Қалалық акция аясында іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде қатысқан мектептер: №№1,2,4,5,6,7,9,10,13,14,15,17,18,19,20,21,22,23,24,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,37,38,39,40,41,43,44,45,46,47,48,49,50,51,52,53,54,55,56,57,58,59,60,61, 62,63,64,65,66,67,68,69,70,71,74,75,76,77,79,80,81,82,83,84,85,86,87,88,89,90, БИЛ (қ), БИЛ (ұ).
Колледждер: Коммуникация және транспорт, Туризм және сервиз, жоғары медициналық, жоғары ASTANA POLYTECHNIC, , «Даналық», «Тұран», Еуразия гуманитарлық, Астана Халықаралық педагогикалық колледжі, кәсіптік -техникалық, Қонаев атындағы колледж, жоғары сауда – экономикалық, медико-техникалық, халықаралық лингвистикалық және Қаз АТК колледжі.
“БІЗ ӨМІРДІ СҮЙЕМІЗ, БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРЕМІЗ!