19-24 сәуір аралығында жаттығу жиындары өткізіледі

25-30 сәуірде «U-Study» республикалық тестілеу орталығы базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтеді.

«Астана дарыны» орталығы «Білім – инновация» ХҚҚ серіктесі-«edLight Academy» орталығымен бірлесіп, «Нұрорда» МЛ базасында елордалық команда мүшелері үшін оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оқу жаттығу жиындары ағымдағы жылдың 19-24 сәуір аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және ағылшын тілі бойынша өткізілетін болады.

Бір апта бойы Нұр-Сұлтан қаласының жас олимпиадашыларына тренерлер мен өткен жылдардағы халықаралық, республикалық олимпиадалардың үздік жеңімпаз-жүлдегерлері сабақ береді. Апта бойы ОЖЖ күнделігі жүргізіледі.

Оқу жаттығу жиындары