«Зият» республикалық ғылыми зерттеу жоба конкурсының жүлдегерлері

Астана Халықаралық университетінің 2021 жылы наурыз айының 1-нен сәуір айының 15-не дейін ғылыми жоба конкурсын өткізді.

«Зият» республикалық ғылыми зерттеу жоба конкурсы тек 11-сыныптардың арасында өткен болатын. Атаулы конкурсқа елордамыздың атынан № 85 мектеп-лицейінің оқушылары Есбол Айша, Бейсен Танырыс «Қайта жаңғыртылған энергия көзі – қоқыс қалдықтары» тақырыбында жобаларын қорғап, ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

II орын иегерлеріне Астана Халықаралық университетінің  «Экология және табиғатты пайдалану» мен «Биология» білім беру бағдарламалары бойынша бірінші оқу жылына жеңілдік берілді.

         Жүлдегер атанған елордалық оқушыларымызды құттықтаймыз!