«Баланы жазасыз тәрбиелеудің сыры неде?» «Ата-аналар клубы» алаңында вебинар

Нұр-Сұлтан қаласының «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және

психологиялық сүйемелдеу орталығы  психологиялық  сүйемелдеу бөлімінің

жоспарына сәйкес 2021 жылдың 16 сәуірі күні ата-аналарға арналған Ата-аналар клубы алаңында «Баланы жазасыз тәрбиелеудің сыры неде?» атты   вебинар өтті.

    Вебинарға  «Астана дарыны» орталығының психологы Л.Ж. Бодықова және Нұр-Сұлтан қаласының  № 67 мектеп гимназиясының  ата-аналары қатысты.
№ 67 мектеп-гимназиясының ата-аналары вебинарға белсенді қатысып, шара барысында орталық психологы Бодикова Ләззат Жамауқызының кеңесін алды.

    Ләззат Жамауқызы ата-аналармен сауалнама жүргізіп, бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын атап өтті.

     Вебинар соңында Л.Ж. Бодықова барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ата-аналар қызықты және мазмұнды вебинар үшін ұйымдастырушыға алғыс айтып, осындай кездесулерді жалғастыруға ниет білдірді.