Нұр-Сұлтан қаласының «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және
психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық сүйемелдеу бөлімінің
жоспарына сәйкес 2021 жылдың 16 сәуірі күні ата-аналарға арналған Ата-аналар клубы алаңында «Баланы жазасыз тәрбиелеудің сыры неде?» атты вебинар өтті.
Вебинарға «Астана дарыны» орталығының психологы Л.Ж. Бодықова және Нұр-Сұлтан қаласының № 67 мектеп гимназиясының ата-аналары қатысты.
№ 67 мектеп-гимназиясының ата-аналары вебинарға белсенді қатысып, шара барысында орталық психологы Бодикова Ләззат Жамауқызының кеңесін алды.
Ләззат Жамауқызы ата-аналармен сауалнама жүргізіп, бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Вебинар соңында Л.Ж. Бодықова барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ата-аналар қызықты және мазмұнды вебинар үшін ұйымдастырушыға алғыс айтып, осындай кездесулерді жалғастыруға ниет білдірді.