Нұр-Сұлтан қаласының «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жоспарына сәйкес ата-аналарға арналған Ата-аналар клубы алаңында «Баланы жазасыз тәрбиелеудің сыры неде?» атты вебинар өткізіледі.
Ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласының № 67 мектеп гимназиясы және «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы. Өткізетін күні: 2021 жыл 16 сәуір сағат 16.00
Қатысушылар: Нұр-Сұлтан қаласының № 67 мектеп гимназиясының ата-аналары.
Вебинардың басты мақсаты:
1) Ата-аналар арасында сауалнама жүргізе отырып кеңес беру және пікір алмасу;
2) Бала тәрбиесінде әке рөлінің маңыздылығы;
Вебинардың басты міндеттері:1) Баланың рухани, сезімтал дамуына ата-ана өз үлесін қосуда атқарылатын шараларға бағыт беру;
2) Ата-аналарға бала тәрбиесінде мотивация беру және жеке тәрбиелік мүмкіндіктер жасай алатынына сендіру;
3) Бұл кеңестерді ата-анаға оң нәтиже шығаруға арналған іс әрекетті бағыттау, толыққанды жетілдіру;