ХV Халықаралық «Математика және жобалау» ғылыми жобалар конкурсы

«Дарын» республикалық –ғылыми практикалық орталығының 2021 жылғы 12 сәуіріндегі №232-1/15-11-06 хаты негізінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылы мамыр айының 1-16 күндері аралығында ХV Халықаралық «Математика және жобалау» ғылыми жобалар конкурсының өтетінін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты: дарынды оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау және дамыту.
Конкурс онлайн режимінде өтеді. Ғалымдар мен оқушылар қашықтықта жұмыс жасайды. Әр қатысушының поштасына 2 күн бұрын қосылу үшін сілтеме жіберіледі.
Конкурс төмендегі номинациялар бойынша өтеді:

  • Табиғат пен қоғамдағы математикалық модельдердің нақты
    процесі;
  • Геометриялық миниатюралар;
  • Математика және өнер;
  • Математика тарихы;
  • Математика ғылымы;
  • Электронды тематикалық журнал;
  • Финанстық математика;
  • Ақпаратты қорғау саласындағы математика;
  • Кәсіби бағдар мәселелерін шешудің математикалық әдістерін қолдану (кәсіби білім жүйесіндегі оқушыларға);
  • Желілік зерттеу жобалары;
  • Кәсіби қызметтегі математика (студенттерге)
    Конкурсқа қалалық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары 8-11(12) сынып оқушылары қатыса алады.
    Конкурсты өткізу туралы Ереже astanadaryny.kz сайтында көрсетілген.
    Конкурсқа сілтеме бойынша екі тілде (қазақша, орысша) http://tiny.cc/ihzvtz ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін тіркелесіздер