«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Біз – бақытты отбасымыз» атты қалалық бейнероликтер конкурсын қашықтық форматта өткізеді. Конкурс мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік ортасын психологияландыру. Конкурсты «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Халықаралық отбасы күнін (15 мамыр) мерекелеу аясында ұйымдастырып, өткізеді. Атаулы конкурсқа Нұр-Cұлтан қаласы білім беру ұйымдарының (балабақшалар, мектептер, колледждер) оқушылары және ата-аналары қатыса алады. Өткізу тілдері: қазақ және орыс тілдері.Конкурс екі кезеңнен тұрады: Бірінші кезең (2021 ж. 05-28 сәуір аралығы) қатысушылар ұйымдастыру комитетіне «Біз – бақытты отбасымыз» конкурсына өтінім және бейнероликті ұсыну; Бұл кезеңде қатысушылар байқаудың ұйымдастыру комитетіне отбасының өзін-өзі таныстыруы бойынша 7 минуттық бейнеролик жібереді, онда мыналар көрсетілуі тиіс:отбасы туралы негізгі фактілер (ата-ананың кәсіби мәртебесі, отбасы құрамы);отбасын не бақытты етеді;неліктен өз отбасы конкурста жеңіске жетуі керек;отбасы мүшелері ең жақсы көретін өмірдің бір саласын таңдау (спорт, өнер, музыка, жазбаша шығармашылық және т. б.);отбасының жарқын және ерекше бейнесін жасау. Өтінімді және бейнероликтің сілтемесін google-form-да https://tinyurl.com/d4s23jhe сілтемесіне жібереді. 2021 жылдың 7 мамырына дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитеті үздік деген бейнероликті іріктейді және лонг-парақты қалыптастырады. Лонг-параққа кірген қатысушылар екінші кезеңге жіберіледі. Екінші кезең 2021 жыл 15 мамыр Халықаралық отбасы күні аясында өтеді. «Ата-аналар клубы» қоғамдық диалог алаңының мерекелік отырысында, елордалық ата-аналар қоғамдастығының қатысуымен отбасылық бейнероликтердің таныстырылымы болады. Қоғамдық дауыс беру нәтижесі бойынша «Біз – бақытты отбасымыз» бейнероликтер конкурсының Бас жүлде иегері анықталады. Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған отбасылар анықталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» ДДжПСО-ның Бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдарымен және «Үздік оқырман отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Креативті отбасы», «Дәстүрге берік отбасы» номинациялары бойынша грамоталармен марапатталады. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздардың үздік жұмыстары https://astanadaryny.kz «Астана дарыны» сайтында жарияланады.