Қыздарға арналған «EGMO 2021» Еуропалық математикалық олимпиадасы

Қыздарға арналған   «EGMO 2021» Еуропалық математикалық олимпиадасы басталды. (Олимпиаданың ресми парақшасы: https://www.egmo.org/, ағымдағы олимпиаданың сілтемесі: https://egmo2021.atsu.edu.ge) EGMO-2021 олимпиадасы биыл мерейтойлық оныншы жылын өткізуде.

Ағымдағы жылы EGMO – ға 55 ел қатысады. Бұл сан- рекордттық көрсеткіш. Оның 18-і Еуропадан тыс елдер.

Қазақстан құрамасы соңғы бес жылда атаулы олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп келеді!

  № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Уалиева Дильназ осы олимпиадаға үшінші жыл қатарынан қатысып жатыр және жоғарғы орындардың біріне үміткер.

Біздің командамызға табысты өнер мен жеңіс тілейміз!