I қалалық жасөспірімдер гуманитарлық олимпиадасының іріктеу кезеңінің қорытындысы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен өткен 7-8 сынып оқушыларына арналған I қалалық жасөспірімдер гуманитарлық олимпиадасының іріктеу кезеңіне 69 білім беру мекемесінен 257 оқушы қатысты. Олимпиада екі бағытта өтті: Тілтану және Қазақстан тарихы.Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Тілтану» бағытына қатысқан 158 оқушының 101-і, «Қазақстан тарихы» бағытына қатысқан 99 оқушының 30-ы ағымдағы жылдың 22 сәуірінде өтетін олимпиаданың қорытынды кезеңіне жолдама алды.Олимпиаданың қорытынды кезеңіне жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

https://t.me/astanadaryny/153