ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫ

Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» атты республикалық онлайн семинар 10-сәуір күні, Зум платформасында қашықтан  өткізіледі.

Семинардың негізгі міндеті – уақыт талабына сай болашақ жастарға  Қаныш Сәтбаев туралы жаңаша бағыт беру, ұрпақтан-ұрпаққа тарайтын үлгі өнегесі бар ардақты азамат есімін насихаттау.

Семинар барысында Жезқазған қаласындағы №7 Қаныш Сәтбаев мектеп-лицейімен теле-көпір сабақ және Қарағанды облысы,Ұлытау ауданында орналасқан  Қарсақбай үй-музейімен «Қарсақбай музейіндегі Қаныш мұрасы»  атты саяхат сабақ өткізу жоспарланып отыр.

 Семинарда Сәтбаев университетінің профессоры, мемлекеттік Сәтбаев сыйлығының лауреаты, ҚР жазушылар одағының мүшесі Нұрпейісова Маржан Байсановна, Ахмет Байтұрсынұлы білім академиясының директоры Еркінбай Ұлан және ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының  кандидаты Қалиев Жабай Нұмақұлы,алаштанушы  Тоқтарбай Елдос,Phd  доктанаранты Кәрімхан Заңғар   ғалымның өмір тәжірибесі негізінде әртүрлі тақырыптағы баяндамаларымен  таныстырады.

Семинар «Тыңнан сүрлеу салған ғалым» атты ғалымның өмір жолын көрсететін сахналық қойылыммен аяқталады.

Ссылка:

https://us02web.zoom.us/j/85486993649?pwd=V05HSmVKY2Nxb09mVk4wR2xsWExUUT09