«iTest:Үздік нәтиже-2021» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы

 Назар аударыңыздар! 2021 жылдың 22 ақпанынан 22 шілде аралығында дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «iTest: Үздік нәтиже-2021» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы жалғасуда. Бұл Қазақстанның барлық 10-11 сынып оқушыларына, колледж және жоғарғы оқу орнының 1 курс студенттеріне Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) 8 оқу грантын, Нархоз университетінің 6 оқу грантын және Каспий Қоғамдық университетінің 3 оқу грантын ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, жоғары сынып оқушыларына www.itest.kz онлайн білім беру ресурсын қолдана отырып, қорытынды аттестаттауға және жаңа форматтағы ҰБТ-ға тиімді дайындалуда ауыл мен қаладағы мектеп бітіруші түлектерге қолдау көрсету.

Білім беру гранттарынан бөлек, байқау барысында үздік қатысушыларға бағалы сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар, үздік 100 қатысушыға кепілді сыйлық табысталады! Байқау Bilim Media Group компаниясының ұйымдастыруымен, бас серіктес – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), серіктес – Нархоз университеті, серіктес – Каспий Қоғамдық университетінің демеушілігімен өтуде.

 Қатысу толықтай тегін!

Толығырақ www.itest.kz сайтынан білуге болады