«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық-педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық-педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізеді.
Мақсаты – жас педагогтердің шағармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары, әр мектептен қомандалық топ (8 адамнан аспайтын), жас педагогтар (еңбек өтілімі, 5 жылдан артық емес), педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер) мен психологтар, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждердің соңғы курс студентері және магистрантары шақырылады.
І кезең – іріктеу (сәуір айының 19-23 күндер аралығында) ЭКСПО қалашығы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, Блок С 2-1, Пост 5, Автотұрақ С1, қабат 1, кабинет 1.13 «Астана дарыны» ДДжПСО).
ІІ кезең – қалалық (28-29 сәуір күндері).
Жоғары сынып оқушылары олимпиаданың іріктеу кезеңіне берілген тақырыптар бойынша: «Ұлы даланың көрнекті педагогтары», «Абай – дара тұлға», «Ибрай Алтынсарин – қазақтың ұлы педагог-ағартушысы» (1 топтық) ұжымдық-шығармашылық жұмыстың толық нұсқасын ұйымдастырушыларға тапсырады.
Жас ұстаздар, педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер) және психологтар педагогика мен психологиядан тест сұрақтарына жауап береді.
Конкурсқа соңғы 3 жылда Олимпиадаға қатысқан жас мамандар қатыса алмайды.
Тек І турдан өткендер ғана қалалық олимпиадаға қатыса алады.
Сұраныс пен ұжымдық-шығармашылық жұмыстың толық нұсқасын 2021 жылғы сәуір айының 15-не дейін міндетті түрде ұйымдастыру комитетіне Ережеге сәйкес берілген үлгі бойынша келесі мекенжайға қағаз нұсқасын әкелу қажет: «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, Мәңгілік Ел 55/13, Блок С 2-1, электрондық нұсқасын мына сілтемеге жіберулеріңізді сұраймыз:
жоғарғы сынып оқушыларына:
http://tiny.cc/TUOD_oqushylar_ushin_2021
мұғалім мен студенттерге: