2021 жылғы наурыз есебі

        2021 жылдың наурыз айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы барлығы 12 іс-шара (5 халықаралық, 4 республикалық, 3 қалалық)  өткізді. Аталған іс-шараларға Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 1613 оқушы қатысып, 493  бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 159;

II орын – 126;

III орын – 208;

Грамота – 29. 

        2021 жылғы наурыз айының 1-3 күндері аралығында 11-сынып оқушыларының арасында Халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсы өтті. 

Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс алғаш рет қашықтықтан ZOOM платформасының көмегімен математика, қолданбалы математика, механика, экономикадағы математикалық әдістер – барлығы 4 секция бойынша онлайн режимде ұйымдастырылды.

Халықаралық конкурсқа 8 білім беру мекемесінен (№10 МГ, №15 МЛ, №32 МГ, №37 МЛ, №54 МЛ, №64 МЛ, ер балаларға арналған «Білім инновация лицейі», қыз  балаларға арналған «Білім инновация лицейі») 11 жобамен 17 оқушы қатысты. 

Халықаралық конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық аймақтарынан 200-ден аса оқушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады. 

Халықаралық конкурстың ашылу және жабылу салтанаты бағдарламаға сәйкес онлайн режимде өтті.

Конкурстың қорытындысы бойынша 17 елордалық оқушының арасынан 5 оқушы жеңімпаз атанып, Білім және ғылым министрлігінің ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және күміс , қола медальдарымен марапатталды.

        Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO) 10 жылға жуық үлкен танымалдылыққа ие болуда. Бұл олимпиадаға Қазақстан 2017 жылдан бері қатысып келеді және осы олимпиадаға қатысқан үш жыл ішінде біздің еліміз 2 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан командасында 2 қатысушы елордалық мектептердің өкілдері болды.

2019-2020 жылдары аталған олимпиаданың алтын және қола медаль иегері №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Уалиева Дильназ биылғы 6-8 наурызда өткізілген қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO-2021) іріктеу байқауының барлық қатысушылары арасында жеке рейтингте бірінші болып өтті.

Уалиева Дильназ команда құрамында EGMO олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғайды.

        9-10 наурызда XXXIII қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы (АТМХО) және Математикадан халықаралық  XX «Жібек жолы» олимпиадасы (ХЖЖО) онлайн тәртібінде өткізілді.

        Дарынды оқушылардың  зияткерлік  олимпиадасына бір мезгілде әлемнің қырықтан астам елі қатысады: Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және т. б.

Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізіледі.

Қазақстаннан аталған олимпиадаларға 120-дан астам оқушы қатысты, олардың ішінде 17 астаналық оқушы.

Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтаннан 11 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Оның ішінде:

алтын медаль – 2 қатысушы («Спектрум» ХМ, БИЛұ);

күміс медаль – 3 қатысушы (БИЛұ (2), Экономикалық лицей);

қола медаль – 6 қатысушы (БИЛұ (2), «Спектрум» ХМ, «НурОрда» МЛ (2), №9 «Зерде» ММ).

Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының қорытындысы бойынша елордалық оқушылар тағы 11 медальға ие болды:

күміс медаль – 6 қатысушы («Спектрум» ХМ (2), БИЛұ (3), «НурОрда» МЛ);

қола медаль – 5 қатысушы (БИЛұ (2), Экономикалық лицей, «НурОрда» МЛ, №9 «Зерде» ММ).

        Жоғарыда аталған халықаралық математикалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша елордалық оқушылардың қоржыны 22 медальмен толықты: 2 алтын, 9 күміс  және 11 қола.

        2021 жылдың 11 наурыз күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша қалалық жасөспірімдер пәндік олимпиадасының (математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша)   қорытынды  кезеңі өтті.

        Олимпиаданың қорытынды кезеңіне іріктеу кезеңде І және ІІ орын алған 15 білім беру мекемелерінен барлығы 71 оқушы ( математика – 18, физика – 9, химия – 11, биология – 10, география – 12, информатика – 11) қатысты. Олимпиада офлайн форматта төменде көрсетілген білім мекемелерінде ұйымдастырылды:

       №9 «Зерде» мектебінде – биология, химия;

       №82 «Дарын» МЛ-да – география, информатика;

       №89 МЛ- да – математика, физика.

        Ақтық кезеңнің қорытындысы бойынша, республикалық жасөспірімдер олимпиадасына дайындық жүргізу мақсатында, оқу-жаттықтыру жиындары өткізілетін болады. Ақтық кезеңнің жүлдегерлері мен жеңімпаздары «Астана дарыны» орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. 

Жүлделі орындар саны – 26, оның ішінде:

І орын – 5;

ІІ орын – 9;

ІІІ орын – 12;

Грамота – 10.

        2021 жылдың 12 наурызы күні жаңару мерекесі – Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Елбасы медалі» бағдарламасының барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, жобаның барлық шарттарын орындаған  28 жеңімпазды қола медальмен марапаттау рәсімі өтті.

        Жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама – «Елбасы медалі» жобасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El umiti» бастамасын іске асыру аясында жүргізілуде. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. 

        Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысады. Бұл жоба әр қатысушы үшін білім беру, шығармашылық, мәдени және басқа да қабілеттері мен таланттарын кеңейтуге жағдай жасайды.

        15 наурызда Павлодар қаласының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Математикалық шайқас» жас математиктер турнирі өтті. 

        Турнирге Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан 13 командадан 52 оқушы қатысты. Елордалық команданың құрамында мамандандырылған мектептермен қатар биыл мектеп-гимназиялардың  командалары да өз үлестерін қосты: дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация лицейі» командасы, «NURORDA» лицейі мен №9 «Зерде», №82 «Дарын» мамандандырылған мектептері, №3 және №6 гимназияларының құрама командалары.

        Елордалық командалар жақсы нәтиже көрсетіп, лайықты марапатқа ие болды. Үшінші орынды «Пифагор» (№3 және №6 гимназия), «Зерде» (№9 және №82 мектептер), «NURORDA» лицейі мен дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация лицейі» командасы күміс медальға қол жеткізіп, екінші орынды иеленді.        

        Ағымдағы жылдың 15 наурызында №82 «Дарын» мамандандырылған лицейдің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің және «Алтын сақа» қалалық олимпиадасының қорытындысы бойынша номинация иегері – мектеп директорларының кеңесі өтті

        Кеңеске дарынды ер балаларға арналған БИЛ, дарынды қыз балаларға арналған БИЛ, №9 «Зерде», №82 «Дарын», «NURORDA» МЛ, Экономикалық лицей, №6 Г, №3 МГ, №17 МГ, №30 МГ, №78 МГ, №15 МЛ, №59 МЛ, №60 МЛ, №64 МЛ, №66 МЛ, №67 Г, №70 МЛ, №71 МЛ, №72 МЛ, №84 МЛ, №72 МЛ, №84 МЛ, №72 МЛ, №85 МЛ, №89 МЛ, №16 ОМ, №34 ОМ, №36 ОМ, №44 ОМ, № 57 ОМ, №61 ОМ. директорлары қатысты. Аталған мектептердің оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларда және «Алтын сақа» қалалық олимпиадасында табысты өнер көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті.

Кеңесте жоғарыда аталған мектептердің директорлары дипломдармен марапатталды, сондай-ақ мектептегі білім беру сапасын арттыру, оқушылардың олимпиадалық қозғалысқа қатысуға ынтасын дамыту, пәндерді оқыту сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Бүгінгі таңда заманауи мектепте мұғалім балаларды оқуға үйретіп, жеке білім беру бағытын, оқушыны олимпиадаға дайындаудың моделін жасау керектігі айтылды.

«Астана дарыны» ДДжПС мен елордалық мектептердің тығыз ынтымақтастығының арқасында оқушылар «Үздік олимпиадалық команда» атағын тағы да растай отырып, олимпиаданың республикалық кезеңінде сәтті өнер көрсетеді деген толық сенім бар.

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті «Планета және пластик: экомәдениет бойымызда» тақырыбында «Х Наурыз кездесулері» іс-шараларын өткізді. 2021 жылдың 15-19 наурыз күндері аралығында өткен атаулы кездесуге Нұр-Сұлтан қаласынан №48 мектеп-лицейінің 10-11 сынып  оқушылары Сардар Нұрайым, Өкмет Гүлназ,  №76 мектеп-лицейінің  9 сынып оқушысы  Орынбеков Адилет қатысты. Кездесу онлайн форматта өтті. Іс-шараға қатысушы барлық оқушыларға сертификаттар беріледі.

        2021 жылдың 17 наурызында «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен өткен 5-9 сынып оқушылары арасында XVI республикалық «Тарих Ата» қашықтық олимпиадасының  қорытынды кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 1052 оқушы қатысты.      

        Оқушылардың Қазақстан тарихын оқуға деген қызығушылығын ояту, ойлау мәдениетін, эрудициясын қалыптастыру, жоғары мотивациясы бар оқушыларды анықтау және патриотизмге тәрбиелей отырып, білім мен білік деңгейінің жоғары дәрежесін көрсету мақсатын көздейтін «Тарих Ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы бойынша, 1052 қатысушының  386-і (36,7%)  марапатталды:

І орын – 141 (36,5%);

ІІ орын – 90 (23,3%);

ІІІ орын – 155 (40,1%). 

        2021 жылғы 18 наурызда Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мейрамы қарсаңында «Астана дарыны» ДДжПС орталығының ұйымдастыруымен №64 мектеп–лицейінде елордалық білім мекемелерінің 5–7 сынып оқушылары арасында алғаш рет «Құтты білік» оқулары өтті. 

        Жас ұрпақты халық ауыз әдебиетінің жауһарларымен сусындатып, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, көркемсөз оқу шеберлігі мен шығармашылығын дамыту  мақсатын көздеген оқулар ауыз әдебиетінің ең көне эпосы – «Алпамыс батыр» жырына арналды.

        Қалалық  «Құтты білік» оқуларына Нұр – Сұлтан қаласының 44 білім беру мекемелерінен 112 оқушыға сұраныс берді. 

        Қалалық «Құтты білік» оқуларында: 

1. «Топжарған» – жатқа, мәнерлеп оқу номинациясына 29 оқушы; 

2. «Ақ қауырсын» – ақындар мүшайрасы номинациясы бойынша 19 оқушы; 

3. «Ойтолғау» эссе жазу номинациясына 36 оқушы; 

4. «Сыр сандық» шешендік өнер номинациясы бойынша 28 оқушы қатысты. Қалалық «Құтты білік» оқуларының қорытындысы бойынша: 

І  орын – 11;

ІІ орын – 15;

ІІІ орын – 24;

Грамота – 18.

        Леонардо Эйлер олимпиадасы Ресейдің жетекші математикалық білім беру орталықтарының бастамасымен өткізіліп келеді.

        Олимпиадаға Ресей, Украина, Белоруссия, Литва, Сербия, Болгария және Монғолия елдерінен оқушылар қатысуда. Жыл сайын әлем бойынша 3000-нан астам оқушы қатысатын олимпиада үш кезеңде өткізіледі: қашықтық, аймақтық және қорытынды.

      Қашықтық кезеңіне 8-сыныптан аспаған барлық үміткер оқушылар қатысады. Өңірлік кезеңге қашықтық кезеңнің үздік қатысушылары, ал қорытынды кезеңге өңірлік кезеңнің үздік қатысушылары өтеді. Қашықтықтан оқыту кезеңінің тапсырмалары ғаламторда орналастырылады. Аймақтық және қорытынды кезеңдер жеке өтеді. Олимпиаданы өткізудегі ерекшелік: оқушылар ерте жастан математикалық олимпиадаларға қатысу тәжірибесіне ие болады және әрі қарай өзін-өзі дамытуға қосымша ынталандырулар бар.

      Олимпиаданың өңірлік кезеңі Нұр-Сұлтан қаласындағы  Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті. Өңірлік турдың нәтижелері бойынша 41 финалист анықталды.

       Алматы қаласында 2021 жылдың 23-27 наурыз аралығында өтетін қорытынды кезеңге елордалық үш оқушы – Махажанов Олжас пен Таубақабыл Нұрмұхаммед (дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация лицейі») және Молдабек Әділбек («NURORDA» лицейі) қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Махажанов Олжас грамота және сертификатпен марапатталды.

      «Астана дарыны» ДДжПСО жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың наурыз айының 30-31 күндері бастауыш сынып оқушыларына арналған республикалық «Бастау» математикалық турнирінің сырттай (іріктеу) кезеңіне 96 командадан сұраныс қабылданды. Сырттай  кезеңге қазақ тілінде оқитын мектептерден – 41 команда, орыс тілінде оқитын мектептерден – 55 команда шығармашылық жұмыстарын тапсырды. 

       Қазақ тілінде оқитын мектептер бойынша ІІ (қалалық) кезеңге  іріктеу кезеңнен 13 команда: №№3 МГ, 4 МГ, 38 МЛ, 43 ОМ, 48 МЛ, 50 МЛ, 56 МЛ, 60 МЛ , 64 МЛ, 66 МЛ, 83 МГ, 86 МГ, «NURORDA» МЛ;

      Орыс тілінде оқитын мектептер бойынша 11 команда: №№2 МГ, 6 Г, 22 МГ, 27 МЛ, 31 МГ, 60 МЛ, 62 МЛ, 83 МГ, «Флагман» ФТЛ, Экономикалық лицей, ALPAMYS  schooI өтті.

      «Бастау» математикалық турнирінің ІІ (қалалық) кезеңі қазақ тілінде оқитын және орыс тілінде оқитын мектептер үшін 2 топта  өтеді.

        «Бастау» математикалық турнирінің ІІ қалалық кезеңі №89 МЛ (қазақ тілінде оқитын мектептер) және №3 МГ (орыс тілінде оқитын мектептер) базаларында 17 сәуір күні өтеді. 

Педагогикалық шеберлік бөлімі

3-12 наурыз аралығында «Педагогикалық идеялар фестивалі» қалалық  байқауының қазылар алқасы мүшелері конкурстың бес бағыты бойынша жеңімпаз мұғалімдерге арналған жеке оқыту семинарларын онлайн режимінде өткізді.  

Семинардың мақсаты – фестивальдің жүлдегері болып табылатын педагогтерге республикалық кезеңге қатысуға дайындалу үшін кеңес беру. 

Семинар оқытушылардың зерттеу жұмыстарымен айналысуы және шығармашылық өсуіне жағдай жасауға, пәнді оқыту процесін жетілдіруге бағытталған; кәсіби шебер мұғалімдерді қолдау, мұғалімдердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, елордадағы білім беру ұйымдарының жетекшілері, мұғалімдері, педагог-психологтері мен қызметкерлерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және таратуға бағытталған.  

Олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (қалалық, республикалық және халықаралық деңгейлерде) дайындаған мұғалімдердің инновациялық және озық педагогикалық тәжірибесін талдау және тарату мақсатында бір ай ішінде жаңашыл мұғалімдер туралы мәліметтер базасы құрылды. Қалалық олимпиаданың қорытындысы бойынша рейтинг шығарылды.

«Астана Дарын» ДДжПСО «Дарын» республикалық орталығының мұғалімдерге арналған «Ustaz mortebesi maxtanysh!» медиа-жобасына Дарынды ер балаларға арналған «Білім – инновация» мектеп-лицей интернатының математика пәні мұғалімі – Муаммер Гульді ұсынды. Челлендж аясында ол туралы және оның жетістіктері жайында фильм  дайындалды.

Психологиялық қызмет бөлімі

        Психологиялық қызмет бөлімі 415 адамды қамтыған 10 іс-шара өткізді. 

«Татуласу мектебі: тең-теңімен» аясында №47 мектеп–гимназиясының   оқушыларымен (18 адам) қорытынды сабақ өткізілді (02.03.2021).

        «Өмірге  ИЯ деп айт!» қалалық акция шеңберінде колледж студенттерінің ата-аналары үшін «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқы: не істеу керек?» тақырыбында  сабақ өткізілді (03.03. 2021). Қатысқан ата-аналар саны – 50. Аталған акция аясында  елордалық білім беру ұйымдарында жоспарлы іс-шара ұйымдастырылды (76 мектеп, 20 колледж қатысты). Акция қорытындысы 5 сәуірде шығарылады.      

        Мектеп инспекторлары үшін (10.03-15.03) «Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу негіздері»  тақырыбында оқыту семинары өткізілді.  (53 адам).

        «Ата-аналар клубы» аясында  әкелерге арналған тақырыптар бойынша  вебинарлар сериясы өткізілді. (11 және 18.03)  «Әкесінің қызы: қыз баланың өміріндегі әкенің рөлі» (56 адам) және «Әкесінің ұлы:  ұл баланың өміріндегі әкенің рөлі» (125 адам).

        15-25 наурыз аралығында колледж студенттері арасында «Өмір, мен сені сүйемін!» челленджі ұйымдастырылды. 

       «Astana Polytechnic», «Астана Халықаралық университетінің» гуманитарлық колледжі, «Медицина-техникалық колледжі», «Даналық», «Коммуникация және көлік», «Туризм және сервис», «Жоғары  Медициналық», «Астана профи» қалалық шаруашылық колледждерінің  психологтері  мен  студенттері    белсенді қатысты.

        «Жас психолог мектебі» аясында  келесі тақырыптар бойынша вебинарлар өткізілді:

– «Мектеп психологының жұмысында психологиялық-педагогикалық кеңес беру» (3.03.2021ж,  27  психолог қатысты);

– «Стресс-менеджмент: кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алудағы күрес-стратегия» (04.03.2021ж, 20  психолог  қатысты);

– «Жастар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту шаралары» (17.03.2021ж, 15  психолог қатысты);

– «Психологиялық денсаулық, жасөспірімді сәтті әлеуметтендіру факторы ретінде» (25.03.2021 ж, 26 адам);

– «Педагогтер және студенттермен жұмыс процесінде колледж психологтері қызметінің практикалық аспектісі» (31.03.20.21, 25 психолог қатысты);

     №56 МЛ базасында карантин жағдайында ата-аналар мен оқушыларды психологиялық қолдау бойынша «Хабар-24» телеарнасына бейнефильм және сұхбат дайындалды (15.03.2021ж );

    №68, 83 мектептері және «Коммуникация және көлік», «Жоғары сауда-экономикалық»  колледждерінде ЖӘТ жұмыс жүргізіліп,  психологтерге  әдістемелік көмек көрсетілді. (16.03 және 25.03.2021 ж ).

    Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушылармен психологиялық тренинг өткізу бағдарламасы әзірленді, психолог-тренерлер дайындалды.

       «Кешкі Астана» қалалық газетінде мектеп инспекторлары үшін оқыту семинары және жасөспірімдердің суицид мәселесі туралы материалдар жарияланды.

   «Ата-аналар клубы» жұмысы туралы ақпарат «Астана дарыны» ДДжПСО және Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының сайтында орналастырылған.

«Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі

        Ағымдағы жылдың наурыз айында «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімі төмендегі іс – шараларды өткізді: 

        1.Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.

   «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне наурыз айында оқушылар, ата-аналар мен мектеп басшылық тарапынан сұраныстар келіп түсті. Кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 6 мекемеден 41 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға жеке-жеке кеңес берді. Оның ішінде:

8 сынып –  1 оқушы;

9 сынып – 38 оқушы;

10 сынып – 1 оқушы;

11 сынып – 1 оқушы.

        2. «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Qoldau» Қамқоршылар кеңесі қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық келісімі негізінде, елордалық мектептердің қамқоршылар кеңесінің төрағалары өз мектептерінде «Кәсіптік бағдар беру» бойынша ата-аналарға арналған онлайн-конференцияларын өткізді.

2021 жылдың 1-17 наурыз аралығында елорданың №№ 7, 46, 31, 53, 55, 58, 37, 23, 57, 29, 65, 8, 86 мектептері ата-аналарының қатысуымен онлайн-конференциялар өтті. Конференцияда ата-аналарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының әр түрлі критерийлер бойынша зерттеу арқылы дайындалған білім беру бағадарламаларының рейтингі туралы және «Астана дарыны» орталығының өкілдері «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі жайлы ақпарат берді.