ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

2021 жылғы 1 сәуірде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы және №1 балалар музыкалық мектебінің директоры Қыдырманов Болат Сапабекұлы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды.Ғаждембек Қуанышұлы мен Болат Сапабекұлы бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, еліміздің зияткерлік элитасын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті жас дарындарды дамыту және тәрбиелеу туралы бірлесе атқаратын жұмыстарды және алдағы уақыттағы ынтымақтастық жоспарларын талқылады.