Өткізу уақыты: 2020 жылдың 29- қазан күні, сағат 10.00.
Платформа: ZOOM
**Ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің **«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы.
Қатысушылар: Мектепке дейінгі мекемелердің педагог- психологтары.
**Спикер: Абдрахманова Жанбота Балтабековна, **Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологы. Отбасылық кеңесші. Балалар мен жасөспірімдердің сертификатталған жаттықтырушысы.
Вебинар тақырыбы: «Баланы тәрбиелеу өнері»
**Мақсаты: **балаға үлкендердің өз сезімдерін қалай жеткізу техникаларымен таныстыру (ата-аналардың баламен жұмысына бағытталған)
Вебинарда қаралған мәселелер:
Мектепке дейінгі баламен қарым-қатынас әдісі келесі принциптерге негізделеді:
ü Айыптаусыз және жазалаусыз өмір;
ü Баланың сезіміне сезімталдық;
ü Ашулану мен ренішті бір-біріні зиян тигізбестен білдіру;
ü Балалардың қажеттіліктерін құрметтеу;
ü Балалардың ата-аналарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
ü Баламен қарым-қатынасты белсенді тыңдау стилінде және «Мен-хабарламалар»тұрғысынан жасау.
Вебинар соңында тақырыпқа сай қосымша әдебиеттер ұсынылып, алдағы уақытта осы тақырып бойынша жұмыс жасаудың ұсыныстар беріледі.