2021 жылы ақпанның 25 күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында тәжірибе алмасу мақсатында педагог- психологтердің қашықтан ашық сабағын ұйымдастырып, өткізді.
Ашық сабақ барысында №63 «Әсем-ай» шағын орталығының педагог- психологі Баранбаева Айгуль мектепке дайындық тобындағы өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Сабақтың мақсатымен байланысты әр түрлі тапсырмалар орындалды:
– ауызша және ауызша емес қарым-қатынасты дамыту.
– сенімді қарым-қатынасын қалыптастыру, ынтымақтаса білу
– балалардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;
– мейірімділік, аяушылыққа тәрбиелеу;
– жағымды эмоциялық көңіл-күйді қалыптастыру.
Ашық сабаққа мектепке дейінгі мекемелердің 27 педагог-психологі қатысты.
Сабақ барысында психолог білім алушылардың қажеттіліктерін ескеріп, сабақтың әр кезеңінде психолог барлық тәрбиеленушілерді белсенді оқытуға тарта білді.