«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПСИХОЛОГЫ» IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 4-11 қарашасында дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне жәрдемдесу, білім беру ұйымдарында психологтардың озық тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Жылдың үздік психологы» IX республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізді.

Елімізде коронавирустық инфекцияға және шектеу шараларына байланысты, сондай-ақ қатысушылардың жаппай жиналуын болдырмау үшін ұйымдастыру комитетінің шешімімен жоспарланған «Жылдың үздік психологы» IX республикалық байқауы қашықтықтан өтті.

Биылғы жылы байқауды өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілген. Қорытынды кезеңге конкурсқа қатысушылардың презентациясы мен бейнематериалдары ұсынылды.

Республикалық конкурстың қорытынды кезеңіне қатысқан елордалық 5 педагог-психологтың жұмыстары әділ қазылар алқасымен жоғары бағаланып, жақсы нәтижелер көрсетті.

«Жылдың үздік психологы » IX республикалық байқауының жүлдегерлері:

IIДәрежелі диплом

1. Смайлова Айдана Ербосынқызы, № 84 мектеп лицейінің педагог- психологі

III Дәрежелі диплом

1. Кошаналиева Элеонора Қайратовна, №15″ Дарын» балабақшасының педагог- психологі

2. Стамқұлова Құралай Шәймерденовна № 54 мектеп- лицейінің педагог- психологі

Номинация бойынша Грамота

1.Айтхожина Ботагоз Бекмагамбетова, №32 «Балдәурен» балабақшасының педагог- психологі

2. Ахметжанова Айгерім Сериккалиевна, №30 «Қайнар» балабақшасы жанындағы шағын орталықтың педагог- психологі

«Жылдың үздік психологы» IX республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!