«Бастау» математикалық турнирінің сырттай (іріктеу) кезеңінің қорытындысы

«Астана дарыны» ДДжПСО жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың наурыз айының 30-31 күндері бастауыш сынып оқушыларына арналған  республикалық «Бастау» математикалық турнирінің сырттай (іріктеу) кезеңіне 96 командадан сұраныс қабылданды. Сырттай  кезеңге қазақ тілінде оқитын мектептерден – 41 команда, орыс тілінде оқитын мектептерден – 55 команда шығармашылық жұмыстарын тапсырды.

Қазақ тілінде оқитын мектептер бойынша  ІІ (қалалық) кезеңге  іріктеу кезеңнен өткен 13 команда: №№3 МГ, 4 МГ, 37 МЛ, 43 ОМ, 48 МЛ, 50 МЛ, 56 МЛ, 60 МЛ , 64 МЛ, 66 МЛ, 83 МГ, 86 МГ, «NURORDA» МЛ.

Орыс тілінде оқитын мектептер бойынша ІІ (қалалық) кезеңге іріктеу кезеңнен өткен 11 команда: №№2 МГ, 6 Г, 22 МГ, 27 МЛ, 31 МГ, 60 МЛ, 62 МЛ, 83 МГ, «Флагман» ФТЛ, Экономикалық лицей, ALPAMYS  schooI.

         «Бастау» математикалық турнирінің ІІ (қалалық) кезеңі қазақ тілінде оқитын және орыс тілінде оқитын мектептер үшін 2 топта  өтеді.

         «Бастау»  математикалық  турнирінің ІІ қалалық кезеңі  №89 МЛ (қазақ тілінде оқитын мектептер) және №3 МГ (орыс тілінде оқитын мектептер) базаларында, 17-сәуір күні өтеді.

Қатысушыларды тіркеу: сағат – 8.00-8.45

Турнирдің басталуы: сағат – 9.00

ХАТТАМА

Бастауыш  сынып оқушыларының  ІІ қалалық  «Бастау» математикалық  турниріне  қатысу  үшін   Астана  қаласы  білім  беру мекемелерінің  команда  қатысушыларын  іріктеу  бойынша  сараптау комиссиясы  отырысының  хаттамасы

Өткізу уақыты: 2021 жылғы 30-31 наурыз

Қалалық   «Бастау»  математикалық турниріне қатысу үшін  іріктеу критериийлері:

1.Тапсырманың  мазмұны бастауыш сынып бағдарламасына сәйкес болуы

 (1 балл)

2. Оқушылардың  ерекше  шешу амалын талап ететін тапсырмалар (3 балл)

3. Математикалық  модельдеуді  талап  ететін  тапсырмалар (3 балл)

4. Тапқырлыққа (зеректікке) арналған  тапсырмалар  (2 балл)

5. Тапсырмаларды  жалпы  белгіленген тәртіп бойынша  рәсімдеу  (1 балл)

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - бастау-протокол-1-724x1024.jpg