Қалалық жасөспірімдер гуманитарлық олимпиадасы

 «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының жұмыс жоспарына сәйкес қалалық жасөспірімдер гуманитарлық олимпиадасы 2 кезеңде 2021 жылғы 8 және 22 сәуір күндері елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан өтетінін хабарлайды.

            Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру, оқушылардың ақпараттық, танымдық қабілеттерінің ауызша, жазбаша өз тілінде және шет тілінде қалыптасуына жол ашу, қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндерден олимпиада қорын жетілдіру. 

            Олимпиада екі бағытта өтеді:

1) Тілтану,

2) Қазақстан тарихы;

«Тілтану» бағытына қатысатын оқушыға қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі (таңдауы бойынша) пәндерінен тапсырмалар беріледі. Бұл бағыт бойынша қатысушы үшінші таңдау пәніне ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі пәндерінің бірінен тапсырмалар орындайды.

«Қазақстан тарихы» бағытына қатысатын оқушыға Қазақстан тарихы пәнінен  тапсырмалар беріледі.

      Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінің сұранысы негізінде

7-8 сынып оқушылары  қатыса алады.

      Олимпиадаға әр бағыт бойынша білім беру мекемелері  паралелден 1 оқушыға

(7 сыныптан 1 оқушы, 8 сыныптан 1 оқушы) соның ішінде «Тілтану» бағытына шет тілдерін (ағылшын, француз, неміс) тереңдетіп оқытатын мектептер әр паралелден 3 оқушыға  (7 сыныптан 3 оқушы, 8 сыныптан 3 оқушы) сұраныс бере алады.

     Олимпиада 2 кезең бойынша өткізіледі:

I (іріктеу кезеңі) – жазбаша (тест) онлайн форматта;

«Тілтану» бағыты бойынша қатысушылар тест (онлайн) тапсырмаларын орындайды.

Қазақ тілі – 20 сұрақ, 40 минут;

Орыс тілі – 20 сұрақ, 40 минут;

Шет тілі – 20 сұрақ, 40 минут;

Осы бағыт бойынша қатысушылар барлық пәндерден тапсырмаларды орындауға міндетті.

«Қазақстан тарихы» бағыты бойынша да қатысушылар тест (онлайн) тапсырмаларын орындайды.

Қазақстан тарихы – 60 сұрақ, 120 минут;

  II кезең – оффлайн форматта.

«Тілтану» бағыты бойынша қатысушылар берілген тақырыптардың біріне үш тілде эссе жазады.

Эссе уақыты – 120 минут;

«Қазақстан тарихы» бағыты бойынша қатысушылар берілген тақырыптардың біріне оқу тілінде эссе жазатын болады.

Эссе уақыты – 90 минут;

       Олимпиадаға сұраныс 2021 жылдың 6 сәуіріне дейін көрсетілген сілтеме  http://tiny.cc/junior_olympiad_2021  бойынша қабылданады.

      Әр мектептен олимпиаданың техникалық бөлімі бойынша жауапты үйлестіруші t.me/astanadaryny telegram-топқа қосылуы керек. Барлық техникалық мәселеге байланысты сұрақтар бойынша телеграм-топқа хабарласуға болады.