Педагог- психологтердің тәжірибе алмасуы

  2021 жылдың 31 наурызы күні педагог-психологтердің жұмыс тәжірибесімен бөлісу және, оқыту іс-шараларын дайындау және өткізуіне қажетті  білім мен дағдыларының деңгейін арттыру мақсатында  «Педагогтер  және студенттермен жұмыс  үрдісінде  колледж психологі  қызметінің  тәжірибелік   аспектісі» тақырыбында   вебинар өтті.

Вебинарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC»  жоғары колледжінің педагог-психологы Марина Галимовна Шаймердинова өз тәжірибесімен бөлісті. Вебинар  жұмысына 28  педагог- психолог  қатысты.

 Жұмыс барысында  онлайн оқытудың инновациялық әдістері қолданылды.

Өз сөзінде спикер бейімделу, әлеуметтену мәселелеріне тоқталды. Талқылауға бейімделудегі қиындық проблемаларына қатысты мәселелер көтеріліп, оларды тудыратын себептер талқыланды. Әріптестердің назарына студенттермен, ата-аналармен және педагогтармен жүргізілетін әңгімелер, сауалнамалар, тестілеу, тапсырмалар, акциялар, флэшмобтар сияқты әр түрлі жұмыс түрлері ұсынылды.  «Өмір-бұл…» тақырыбында аяқталмаған сөйлемдер әдісін қолдану тәжірибесі ерекше маңызды болды.  Бұл әдіс өте қарапайым: дәйексөз түрінде  аяқталмаған  сөйлем қолданылады және ол үшін аяқталудың бірнеше нұсқаларын жазып алу ұсынылады, нәтижесінде студенттерге көбінесе олардың өміріндегі жағымды өзгерістерге әкелетін түсінік пайда болады. Жиналған мәтіндер «белсенді  студенттердің Квест Румдары» жобасы үшін пайдаланылды және бейнеролик жасалды.

Семинар соңында педагог-психологтар өз ойларымен және пікірлерімен бөлісті.