«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес тәжірибе алмасу мақсатында вебинар өткізіледі.
Ұйымдастырушы: «Астана дарыны» ДДжПСО
Спикер: Марина Шаймерденова «Astana Polytechnic» Жоғары колледжінің педагог-психологі.
Тақырыбы: Педагогтер және студенттермен жұмыс үрдісінде колледж психологі қызметінің тәжірибелік аспектісі (психологтің жұмыс тәжірибесінен).
Өтетін күні: 2021 жылы, 31 наурыз.
Уақыты: сағат 14: 00.
Өткізу нысаны: ZOOM платформасында онлайн.
Өткізуге арналған жабдықтар мен құралдар: ДК, презентация.
Әдістері: бейнеконференция, сессия залдары, Jamboard тақтасы.
Қатысушылар: мектептер мен колледждердің жас психологтеры
Мақсаты: Әрбір қатысушының өзінің оқыту іс-шараларын дайындау және өткізуіне қажетті білім мен дағдыларының деңгейін арттыру.
Нәтижесі: педагог-психологтер қашықтықтан оқыту жағдайында тәжірибелік қызметтің жаңа технологиялары мен әдістемелері туралы ақпараттармен танысады, сондай-ақ педагог-психолог студенттер мен оқытушылар арасындағы виртуалды өзара іс-қимылды дұрыс ұйымдастыру үшін ұсынымдар алады.
Вебинар шеңберінде жеке оқу іс-шараларын әзірлеу кезінде маңызды педагогикалық элементтер пысықталатын болады.