«Жас психолог мектебі» онлайн оқыту-семинары

2021 жылдың 4 наурызы күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас психолог мектебі» аясында «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және стрессменеджмент» тақырыбында колледж педагог-психологтеріне арналған оқыту семинары онлайн режимінде өтті. Семинардың спикері Абай атындағы КазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы, PhD докторы А.И. Ахметова әр адамның өміріндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығын саналы түсіну деңгейіне байланысты қоғамдық сананы жаңғыртудың тиімділігін арттыру туралы дәріс жүргізді.


Жалпыадамзаттық құндылықтар жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алудың негізі ретінде қарастырылды.

Стресс-менеджмент білім беру процесі субъектілерінің денсаулығын сақтаудың негізі ретінде:
1. танымдық, сенсорлық, дене және мінез-құлық деңгейлеріндегі стресс сигналдары, педагогикалық іс-әрекеттегі стресстің жеке көздерін талдау.
2. білім беру мекемесіндегі нақты стресстік жағдайды талдау, стресстік жағдайдағы жеке ішкі көзқарастарыңызды анықтау және өзгерту әдістері, стресске қарсы жеке формулаларды табу, тыныс алу және медитация жаттығуларымен таныстыру.
Жас психологтер алған теориялық білімдерін, күнделікті білім беру практикасында қолданып, жетілдіруге мүмкіндік алды. Семинар соңында «Бүгінгі семинар жайында қандай ой түйдіңіз?» деген сұраққа рефлексия жасау арқылы психологтердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Елорда колледждерінің 25 жас педагог-психологтерінің қатысуымен өткен семинар өз мақсатына жетті.