«ДІНИ ЖӘНЕ ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ИДИОЛОГИЯСЫНАН ЗАРДАП ШЕГЕТІН СТУДЕНТТЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

04.02.2021 жылы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жас психолог мектебі» онлайн оқыту семинарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Алшинбаев Қанат жас маман педагог-психологтерге «Діни және жат ағымдардың идиологиясынан зардап шегетін студенттерге психологиялық көмек көрсету тәсілдері» тақырыбында дәріс жүргізді.

Дәрісте, шетелдік діндер идеологиясына бейім студенттермен қалай жұмыс жүргізілу керектігі, жас ұрпақты рухани үйлесімділік әлемінде тәрбиелеу мәселелері талқыланды.

Жас психологтер семинардан алған теориялық білімдерін, іс-тәжірибесінде қолдану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Сабақ барысында туындаған сұрақтар талданды. Семинар соңында «Бүгінгі сабақ жайында өз ойыңыз?» деген сұраққа рефлексия жасау арқылы психологтердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Елорда білім беру мектептері және колледжінің 30 жас педагог-психологтері қатысуымен өткен семинар өз мақсатына жетті.