«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 20 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасымен бірлесе отырып 8-10 сынып оқушылары арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай арналған іс-шараларды жүзеге асыру және оқушылардың ғылыми–зерттеу және оқу–танымдық қызығушылығын ынталандыру.
Конкурс төмендегі бағыттар бойынша өтеді:
- Гуманитарлық бағыт;
- Әлеуметтік бағыт;
- Политехникалық бағыт.
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
І кезең: мектепшілік кезең –елордалық білім беру мекемелерінде 1 сәуірге дейін өткізіледі;
ІІ кезең: іріктеу (сырттай) кезең – 10 сәуірге дейін сараптау жұмысын
жүргізеді;
Екінші кезеңге сұраныс (8-10 сынып параллельдерінен бір жұмыс, жалпы мектеп бойынша бірінші орын алған 3 жұмыс) 5 сәуірге дейін қабылданады. Қатысушылар конкурсқа сілтеме бойынша https://tinyurl.com/astanadaryny тіркеледі. ІІІ кезең: ақтық кезең – жобаны қорғау 20 сәуір. Іріктеу кезеңінен өткеноқушылар қалалық конкурсқа қатысады. Конкурс офлайн түрінде өтеді, оқушылар белгіленген уақыт ретімен кіреді.