«Виртуалды мектеп» жобасы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныбына конкурстық іріктеуден өтуге дайындауға арналған «Виртуалды мектеп» жобасы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 5 және 6 сынып оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныбына конкурстық іріктеуден өтуге дайындау үшін «Виртуалды мектеп» жобасы жұмыс жасайтындығын хабарлайды.

«Виртуалды мектеп»- зияткерлік мектептердің негізгі пәндері бойынша оқушыларға қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, онлайн режимде оқуға мүмкіндік беретін қосымша білім беруді ұйымдастыру формасы.

Жыл сайын виртуалды мектепке оқушыларды тіркеу 5 сыныптарға наурыз айынан, 6 сыныптарға қазан айынан басталады.

Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының 5-сынып оқушыларына арналған виртуалды мектепке тіркелу 2021 жылғы 29 наурыз бен 23 мамыр аралығында http://vs.nis.edu.kz/. сайт арқылы жүзеге асырылады.