«Жас психолог мектебі » оқыту семинары туралы ақпарат

2021 жылдың  25 наурызда  сағат 11: 00-де «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі  «Жас психолог мектебі» аясында Zoom платформасында «Психологиялық денсаулық тұлғаны табысты әлеуметтендіру факторы ретінде»  тақырыбында практикалық онлайн семинар өткізді. (орыс тілінде)

 Семинардың мақсаты: жас психологтардың зерттеу мәдениетін дамыту, оларды мамандық бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау.

Матсатты топ : елорданың білім беру ұйымдарының жас психологтары.

Спикер: Тесленко Александр Николевич – «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, п.ғ. д., с. ғ. д., профессор.

Вебинар барысында ғылыми мақалалардың құрылымы мен мазмұны қарастырылды, жаңа бастаған зерттеушілерге сапалы ғылыми мақалалар жазу бойынша сындарлы және пайдалы кеңестер берілді. Вебинарға Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінен 53 педагог пен психолог қатысты.