Леонард Эйлер атындағы математикалық олимпиада

Эйлер олимпиадасы Ресейдің жетекші математикалық білім беру орталықтарының бастамасымен өткізіліп келеді. Олимпиадаға Ресей, Украина, Белоруссия, Литва, Сербия, Болгария және Монғолия елдерінен оқушылар қатысуда. Жыл сайын әлем бойынша 3000-нан астам оқушы қатысады. Олимпиада үш кезеңде өткізіледі: қашықтық, аймақтық және қорытынды.

Қашықтық кезеңіне 8-сыныптан аспаған барлық үміткер оқушылар қатысады. Өңірлік кезеңге қашықтық кезеңнің үздік қатысушылары, ал қорытынды кезеңге өңірлік кезеңнің үздік қатысушылары өтеді. Қашықтықтан оқыту кезеңінің тапсырмалары ғаламторда орналастырылады. Аймақтық және қорытынды кезеңдер жеке өтеді. Олимпиаданы өткізудегі ерекшелік: оқушылар ерте жастан математикалық олимпиадаларға қатысу тәжірибесіне ие болады, соның салдарынан әрі қарай өзін-өзі дамытуға қосымша ынталандырулар бар.

Нұр-Сұлтан қаласында өңірлік кезең Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті, Өңірлік турдың нәтижелері бойынша 41 финалист анықталды.

Алматы қаласында 2021 жылдың 23-27 наурыз аралығында өтетін қорытынды кезеңге елордалық төрт оқушы – Махажанов Олжас пен Таубақабыл Нұрмұхаммед (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация лицейі»), Молдабек Әділбек («NURORDA» лицейі) және Шарафутдинов Даниэль  (№3 мектеп-гимназиясы) өтті. Ақтық мәреге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз!