«Жастар арасында зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын алу шаралары» тақырыбындағы дәріс

17.03.2021 жылы «Жас психолог мектебі» аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің педагог-психологі Сатымбекова Т.С. ұйымдастыруымен өткен онлайн-оқыту семинарында «Жастар арасында зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс жүргізді. Семинарда жастар арасында зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын-алу шаралары денсаулығын қорғау негізі ретінде қарастырылды. Жастар арасында орлық-зомбылықтың түрлері мен формулалары, олардың адам денсаулығына, әлеуметтік жағдайларына тигізетін зардабы, зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын алу мәселелері талқыланды.Жас психологтер семинардан алған теориялық білімдерін, іс-тәжірибесінде қолдану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Семинар барысында туындаған сұрақтар талданды. Семинар соңында «Бүгінгі семинар жайында өз ойыңыз?» деген сұраққа рефлексия жасау арқылы психологтердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Елорда білім беру мектептері және колледжінің 15 жас педагог-психологтерінің қатысуымен өткен семинар өз мақсатына жетті.