І қалалық «Құтты білік» оқулары

 

 «Астана дарыны» ДДжПС орталығы Нұр- Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 5- 7 сынып оқушылары арасында алғаш рет «Құтты білік» оқуларын 2021 жылғы 18 наурыз күні №64 мектеп- лицейінде өткізеді.    

 Мектеп оқушылары арасында ауыз әдебиеті шығармаларын  насихаттап, құнды қазыналарымызды білу қажеттілігін түсіндіру, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру,  әдеби тіл байлығын, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту мақсатын көздейтін, дәстүрлі түрде жалғасатын «Құтты білік» оқуларының осы жылғы  тақырыбы – «Алпамыс батыр» жырына арналады.    

Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:  

1. «Топжарған» – шығарманы мәнерлеп, жатқа оқу номинациясы;

2. «Ақ қауырсын» – ақындар мүшайрасы номинациясы;  

3. «Ойтолғау» – берілген тақырып бойынша эссе жазу номинациясы;

4. «Сыр сандық» – ұсынылған тақырып бойынша шешендік өнер номинациясы.

         Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз!