2021 жылдың 15 наурызында №82 «Дарын» мамандандырылған лицейдің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің және «Алтын сақа» қалалық олимпиадасының қорытындысы бойынша номинация иегері мектеп директорларының кеңесі өтті.
Кеңеске дарынды ер балаларға арналған БИЛ, дарынды қыз балаларға арналған БИЛ, №9 «Зерде», №82 «Дарын», «NURORDA» МЛ, Экономикалық лицей, №6 Г, №3 МГ, №17 МГ, №30 МГ, №78 МГ, №15 МЛ, №59 МЛ, №60 МЛ, №64 МЛ, №66 МЛ, №70 МЛ, №72 МЛ, №84 МЛ, №72 МЛ, №84 МЛ, №72 МЛ, №85 МЛ, №89 МЛ, №16 ОМ, №34 ОМ, №36 ОМ, №44 ОМ, № 57 ОМ, №61 ОМ, №67Г, №71МЛ Аталған мектептердің оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларда және «Алтын сақа» қалалық олимпиадасында табысты өнер көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті.
Кеңесте жоғарыда аталған мектептердің директорлары дипломдармен марапатталды, сондай-ақ мектептегі білім беру сапасын арттыру, оқушылардың олимпиадалық қозғалысқа қатысуға ынтасын дамыту, пәндерді оқыту сапасын арттыру мәселелері қаралды.
Бүгінгі таңда заманауи мектепте мұғалім балаларды оқуға үйретіп, жеке білім беру бағытын, оқушыны олимпиадаға дайындаудың моделін жасауы керек.
«Астана дарыны» ДДжПС мен елордалық мектептердің тығыз ынтымақтастығының арқасында оқушылар «үздік олимпиадалық команда» атағын тағы да растай отырып, олимпиаданың республикалық кезеңінде сәтті өнер көрсетеді деген толық сенім бар.