«Астана дарыны дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімі ҚР Ішкі істер министрлігі «Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті» ММ Жергілікті полиция қызметінің басқармасы 2021 жылдың 09.03.№30-30-3-43/178И хаты негізінде 10-15 наурыз аралығында мектеп инспекторлары үшін оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты: «тәуекел топ» балаларымен профилактикалық жұмыста кәсіби құзыреттілікті дамыту.
Мақсатты топ: «Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті» ММ Жергілікті полиция қызметінің басқармасының полиция қызметкерлері (мектеп инспекторлары)
Ұйымдастырушы: «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімі.
Спикерлер:
Александр Николевич Тесленко – «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, п.ғ.д., ә.ғ.д. профессор.
Смецкой Михайл Андреевич – КЭПП суицидолог, психологі.
Өткізу күндері: 2021ж. 10-15 наурыз.
Аутодеструктивті мінез-құлық – қазіргі уақытта кең таралған күрделі және қауіпті құбылыс. Жастар арасында аутоагрессивтік іс-әрекеттердің жиілеуінің айтарлықтай артуы ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, 15-19 жас аралығындағы жастар арасындағы суицидтің жиілігі таңқаларлық – қазіргі заманғы әрбір үшінші жасөспірім өзіне-өзі қол салуымен бәрімізге таныс.
Статистикаға сәйкес, суицид жасаған жасөспірімдердің 80%-ы ата-аналарына өмір сүргісі келмейтіндіктері туралы айтады, бірақ ересектер бұл сөздерді байыпты қабылдамайды.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:
- жасөспірімнің жеке басын әлеуметтендіру: мақсаттары, факторлары, құрылымы;
- жасөспірімдерді әлеуметтендірудің заманауи қауіптері;
- әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларының құрбандары мен типологиясы;
- әлеуметтік ауытқулардың (девиация) пайда болу формалары мен факторлары;
- аутодеструктивті мінез-құлық және өмірге қауіп төндіретін қауіпті мінез-құлық;
- жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының себептері;
- мектеп инспекторы және мектеп психологінің бірлескен жұмыстары;
Семинарға қатысушылар аутодеструктивті мінез-құлық құрылымымен, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің нысандары мен триггерлерімен, себептерімен және кәмелетке толмағандарда суицидтік қауіп факторлары анықталған кездегі мектеп және инспекторлардың өзара іс-қимыл алгоритмімен танысты. Туындаған сұрақтарға дәріс соңында жауаптар берілді.
Семинарға 52 инспектор қатысты (Сарыарқа-22, Алматы-11, Есіл-12, Байқоңыр-7).
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығына әріптестік сенім білдірген Нұр-Сұлтан қаласы ПД ЖПҚБ басшысы полиция полковнигі А. Аймағамбетовке алғыс айтамыз.