9-10 наурыз аралығында қашықтықтан XXXIII халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы және XX Халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадалар ең мықты жас математиктерге арналған зияткерлік жарыстар боп табылады.АТМО мен ЖЖМО-ға бір мезгілде әлемніңАргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, т. б. сияқты қырықтан астам елі қатысты.Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсетуге жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізіледі.Биыл олимпиадаға 120 қазақстандық оқушы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан 17 оқушы қатысты. Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында елордалық оқушыларАзия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында елордалық оқушылар 11 медаль жеңіп алды: 2 алтын медаль – Дүйсенбеков Данат – «Спектрум» ММ және Раушанов Марлен – дарынды ер балаларға арналған БИЛ ;3 күміс медаль – Дюсенбаев Козыкорпеш және Алпысбеков Алихан-ндарынды ер балаларға арналған БИЛ, Баймульдин Даниил-Экономикалық лицей;6 қола медаль – Сам Фетуллах және Абсаттаров Нурдаулет- дарынды ер балаларға арналған БИЛ , Ашкен Абылай- «Спектрум» ММ, Жеңіс Алиби және Кусдавлетов Эльдар – «Нур Орда» Л және Уалиева Дильназ – №9 «Зерде» М. «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасында елордалық оқушылар қоржыны тағы 11 медальмен толықты: 6 күміс медаль – Дүйсенбеков Данат пен Ашкен Абылай – «Спектрум» ММ, Раушанов Марлен, Сам Фетуллах және Дүйсенбаев Қозықорпеш – дарынды ер балаларға арналған БИЛ, Кусдавлетов Эльдар – «Нур Орда» Л;5 қола медаль – Әбдікәрімов Бексұлтан және Алпысбеков Әлихан – Дарынды ер балаларға арналған БИЛ, Баймульдин Даниил – Экономикалық лицей, Жеңіс Әліби– «Нұрорда» Л және Уалиева Дильназ –№9 «Зерде» М.Осындай ауқымды халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!!!