Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту және отбасылық тәрбиені психологияландыру мақсатында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі елордалық білім беру ұйымдарының әкімшіліктерімен (№47 мектеп-гимназия, № 60 мектеп-лицей және № 72 мектеп-лицей) бірлесіп, отбасындағы әке тәрбиесі мәселелері бойынша вебинарлар топтамасын өткізу 2021 жылдың 11 наурыз күні басталды.
Модератор: Тесленко Александр Николаевич, «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, П. ғ. д., с. ғ. д., профессор
Тақырыбы: Әкенің қызы: қыз бала өміріндегі әкенің рөлі
Өмірлік көзқарастардың қалыптасуы ата-аналармен қарым-қатынастың арқасында туғаннан басталады. Әдетте әкенің қызын тәрбиелеу стилі мен мақсаты анасынан ерекшеленеді. Болашақта қыз баланың өмірі қалай дамиды, көбінесе оның әкесімен қарым-қатынасына байланысты. Қызды тәрбиелеуде әкенің рөлі өте маңызды және оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Әкелердің міндеті – қыз баланың эмоционалды тәуелсіздігін, өзін-өзі тәрбиелеуді және отбасындағы рөлдер туралы дұрыс идеяларды қалыптастыру. Бұл әкелер қыздарға күнделікті әлеуметтік ережелер және басқа да даналық туралы айту керек дегенді білдірмейді. Өсіп келе жатқан қыздар үшін әкелер қорғаушы рөлін атқаруы керек. Өйткені олар қыздарының таңдаған болашақ жарының прототипі. Қыз бала ерте жастан бастап әкесінің мінез-құлқына және сыртқы келбетіне негізделген болашақ жарының моделін жасайды. Әкелер анасына құрмет пен сүйіспеншілік көрсете отырып, отбасындағы қарым-қатынастың оң үлгісін көрсетуі керек. Әкелер үнемі жұмыста болуына байланысты қыздарды тәрбиелеуге қатыспайтын толыққанды отбасыларда қыздарға әкесімен эмоционалды жақындық жетіспейді, оның салдары қыз баланың болашағына да әсер етеді.
Вебинарда қыз баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әкелерден «Қызым өсіп келеді, оның досы болғым келеді, бірақ қалай? Жолын білмеймін..» деген мазмұнда сұрақтар қойылды. Өздерін толғандыратын сұрақтарына жауаптар алды. Вебинара 56 жас және тәжірибелі әкелермен қатар аналар да қатысты.
Бұл тақырып алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.